Бір жақсылық туса менің басыма
Айтайын мен жақын менің досыма
Наурызда бөлісейін қуанышпен
Қараңыздар адал менің асыма
Сөйтіп ары қарай былай дейді.
Бәрекелді; деп, Аз сөйлеген алтын дейді,
Көп сөйлеген күміс дейді.
Кемпір шалдар сөйлеуге келеді
* * * * *
Барлық Қазақстандықтарды келе жатырған Ұлыстың Ұлы күні -Наурыз мейрамымен Құттықтаймын! Жарқын өмірдің бастамасы болып саналатын осы көктем мерекесі Сіздерге мол қуаныш пен бақыт алып келсін! Наурыз әр отбасында келісімнің, сыйластықтың, құрметпен сүйіспеншіліктің дәнекері болсын!
* * * * *
Наурызды да амандықпен қарсы алайық. Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын, қайда барсаң, жол болсын!
* * * * *
Көне парсы тілінен қазақша аударғанда «Жаңа күн» деген мағына беретін Наурыз – жыл басы. Қыстың көбесі сегіліп, тіршілік атаулыға жан бітіп, жасарып, жаңаратын, табиғат-әлем көгеріп, көктейтін шақ. Қыстың қыспағынан құтылып, арқа-бас кеңейетін, мейрам-шаттыққа кенелетін осынау жайдарман шаққа жеткен әрбір жанды шығыстың жаңа жылымен кұттықтаймын!
Наурыздың өзіне тән салтына бағына отырып, әрбіріміз өткен жылғы өкпемізді ұмытып, татуласайық. Үлкендердің ақ батасын алып, бір-бірімізге ізгі тілек айтайық. Наурызда айтылған барлық жақсы тілек орындалады деп жатады ғой. Наурыз барлығыңызға құт әкелсін!
* * * * *
Наурыз айы туғанда,
Той болушы еді бұл маңда.
Сақталушы еді сыбаға,
Сапарға кеткен ұлдарға,
Наурыз айы туғанда.
Наурыз, наурыз күні игі,
Күні игі жердің түрі игі!
Бауыры жылып науат қар,
Бабымен ғана жібиді.
Наурыз, наурыз күні игі,
Күні игі жердің түрі игі!
Шашылып ырыс шанақтан.
Шақырып бір үй бір үйді,
Шаттанушы еді бір игі!
Осынау игі кең жерге,
Наурыз айы келгенде.
Наурыз тойын бергенде,
Көрмегендер де арманда,
Арманда оны көрген де.
Келіп ем өмір-орманға,
Наурыз айы келгенде.
* * * * *
Наурыз көктемде келеді. Табиғат өзгеше түрге енеді. Бұл мереке өміріңізге жақсы өзгеріс әкелсін!
* * * * *
Наурыз – жаңару мен тазару, махаббат пен сұлүлық мерекесі!
Әрқашан жаныңыз ізгі, көңіліңіз көтеріңқі болсын!
* * * * *
Наурыз - бұл ежелгі дәстүр бойынша Жаңа жылдың басталуы ғана емес, бұл сонымен бірге таңғажайып көктем мерекесі, табиғаттың қайта түлеп, қайта жаңғыруы.
Осы бір табиғат ана көгілдір көктемнің жып-жылы шапағатымен жайнап тұрған сәтте сіз де зор қуаныштарға бөленгейсіз!
Жаныңыз күн нұрындай жарқырап, ал көңіліңіз мейірімділік пен махаббат сезімдеріне тола берсін!
* * * * *
Жер-дүниені жаңартып, көктемді ерте келетін Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мерекесі құтты болсын! Сізге және сіздің жанұянызға шынайы көңілмен бақыт-береке, ашық аспан, игілік және алдағы жұмысыңызда тек шығармашылық табыс тілейміз.
* * * * *
Наурыз амандық, қуаныш, жақсылық әкелсін!
Көктем жылуы мен өмір қуанышын тілеймін!
Мықты денсаулық пен ұзақ өмір, құшақ толған гүл мен ықылас тілейміз!
* * * * *
Наурызды да амандықпен қарсы алайық. Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын, қайда барсаң, жол болсын!
* * * * *
Наурыз құтты болсын!
* * * * *
Табиғат, жер-дүниенің жаңарып, жасанатын көктем мезгілінің ұлы мерекесі Наурыз кұтты болсын! Ұлыстың ұлы күні:
Үлыс оң болсын,
Ақ мол болсын,
Пәле-жала жерге еніп,
Қайда барса жол болсын!
- деп бұрынғы ата-бабаларымыз бата жасап бет сипайды екен. Бұдан артық қандай ақ тілеу болуы мүмкін! Әрбір отбасыға тыныштық, татулық, береке-бірлік, бақыт тілеймін!
* * * * *
Шығыс халықтарыңа ортақ үлкен мейрам Наурыз - бірліктің, татулықтың, ізгіліктің, баққыттың мерекесі саналады. Олай болса құрметті қауым, барлықтарыңызға татулық, береке - бірлік тілеймін. Ұлыстың ұлы күні елімізге, жерімізге құт - береке ала келсін. Ұлыс оң болып, әрбір күніміз Наурыз күніндей шуақты болсын! Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
* * * * *
Құрметті достар!
Сіздерді 22 наурыз Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекемізбен баршаңызды құттықтаймыз!!! Жаңа Жыл от басымызға жақсылық, дастарханымызға құт-береке алып келсін!!! Жан ұянызга тыныштык және бакыт тілейміз табыстарыңызга жұмыстарыңызга жеміс тілейміз!
* * * * *
Ұлыс бақты болсын,
Төрт түлік ақты болсын!
Ұлыс береке берсін,
Бәле-жала жерге енсін!
Ұлы халқым тоқ болсын,
Көйлектерің көк болсын!
Қайғы-уайым жоқ болсын,
Қуаныштарың көп болсын!
* * * * *
Келесі Наурызды да амандықпен қарсы алайық. Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын, қайда барсаң, жол болсын!
* * * * *
Наурыз – жаңару мен тазару, махаббат пен сұлүлық мерекесі!Наурыз амандық, қуанышб жақсылық әкелсін!
Наурыз көктемде келеді. Табиғат өзгеше түрге енеді. Бұл мереке өміріңізге жақсы өзгеріс әкелсін!