Сезім тәрбиесінің оқулығы

Печать

     Биыл оқырмандары 90 жылдық мерейтойын атап өтіп жатқан майдангер-қаламгер Әзілхан Нұршайы­қовтың «Махаббат қызық мол жылдар» романы жайында ортаға салынған ой-пікірлер осыған саяды. Соған орай Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық уни­вер­си­тетінде ұйымдастырылған шара басқа оқу орын­дарындағы кештерден өзгеше өрнекте жалғасты. «Әйгілі Әзаға», «Деректілік пен көркемдік» атты кі­тап­тарға арналған тұсаукесердің соңында студент­тер­дің жаңада­н құрылған «Шаңырақ» театры осы шығар­ма­ның желісінде сахналанған қойылымды ұсынды.

Тұсаукесер кешті қысқаша сөз сөйлеп ашқан универ­ситет­тің проректоры, филология ғы­лым­дарының докторы Дихан Қамза­бекұлы: «Біздің универ­си­теті­міз­де бүгін айтулы оқиға болып отыр. Биыл майдангер журналист, жазушы Әзілхан Нұр­шай­ы­қовтың мерейтойы еліміз­дің түр­лі өңірінде кеңінен аталып, оқу орындары мен ғылыми мекемелерде конференциялар өткізіліп жатса, біздің университет Әза­ғаң­ның мерейтойына ерек­ше шара арнады. Универ­си­теттің доценті, филология ғы­лым­дарының кандидаты Мұрат­бек Тоқтағазин «Әй­г­ілі Әзаға» атты жинақ құрас­тырып әрі «Дерек­тілік пен көр­кемділік» деп аталатын монография жариялады», деді. Жетпіс екі автор­дың шы­ғар­­маларының басын қосқан, кө­лемі 35 баспа та­бақ болатын ес­те­ліктер мен эсселер жина­ғы­ның авторы: «Бұл талай жастың басына жастанып оқы­ған кіта­бы болды, сексенінші жылдар сту­ден­ті атанған біздер де сол күйді бастан кештік. Ал университет ректоры Ерлан Сы­ды­­қов­тың идеясымен жүзеге ас­ып отыр­ған мына шара арқылы сол дәс­түр жаңаша жалғасуда», деп әлі де мұны кейінгі жастар­дың қы­зы­ға оқитынын тілге тиек етті.

Қазақ телевизиясының ар­да­гері, жазушы Сұлтан Оразалинов өзінен кейінгі өсіп келе жат­қан жас буынның еңбектеріне қаламгердің қашанда жоғары баға беріп, кішіпейіл қалпынан айнымаған бейнесін сөз етсе, «Егемен Қазақстан» республи­ка­лық газеті» АҚ-тың прези­ден­ті Сауытбек Абдрахманов: «Махаббат, қызық мол жылдар» романын сезім тәрбиесінің оқу­лығы деуге болады», деді. Парламент Мәжілісінің депутаты Абай Тасболатов Әзағаңның күнделік жазып жүру керектігін айтқан кеңесіне құлақ түріп, бі­раздан бері өзі де тарихи оқи­ға­ларды жазып жүргенін әңгіме­лесе, ал Парламент Мәжілісінің депутаты, ауған соғысының ар­да­гері Бақытбек Смағұл әскер­де­гі майдандас досының қарт қа­лам­­гермен кездескен сәтінен ту­ған жырын тебірене оқып берді. Университеттің профессоры Рахымжан Тұрыс­бек жазушы мұ­расының өске­лең ұрпақ үшін өнегесі көл-кө­сір екенін алға тартты. «Махаббат, қызық мол жылдар» кіта­бы­ның желі­сімен пьесасын Айбек Сапышев жаз­ған сахналық туынды туралы әңгіменің жөні өз алдына бір бөлек. Оқу орны­ның жанынан құрылған «Шаңырақ» сту­дент­тік театрының жетекшісі Жамбыл Тілепов сахналаған спек­­такльдің көрермен жүрегіне тұң­ғыш рет жол тартуы емес, бұл шығарма осыған дейін се­мей­ліктерге ұсынылған болатын.

Сонымен Әзағаң бейнесі замандастары мен әріптестері ес­телігі топтастырылған ерекше ең­бекпен тағы бір биікке көте­рі­ліп отыр. Мұндағы алғысөз «Өрісі кең өркенді тұлға» (Нұр­лан Оразалин) деп басталса, әрмен қарай «Жаны жомарт жан еді» (Ға­ри­фолла Есім), «Қос қанатты дарын» (Тұрсынбек Кә­кішев), «Әді­лет үшін алысқан­быз» (Қабдеш Жұмаділов), «Шын­дықтың шы­рақшысы еді» (Әкім Тарази) си­яқ­ты т.б. ес­те­ліктер бір-бірімен жал­­­ғасып ке­теді. Әзағаң жай­ын­дағы ой-тол­ғауларды түгел шолып, автор­лар­дың аты-жөнін то­лық тізіп шығу мүмкін емес. Кітап «Фолиант» баспасына тап­сы­рыл­ған­нан кей­ін де көптеген авторлар мен Әзағаңның оқыр­мандары тарапынан естеліктерін келесі басы­­лымға қосуды өтінген хаттар толастамаған. Ендеше, махаббатты жырлаған жүректің лү­пі­лі тоқ­таусыз соға береді деген сөз.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ.

Мұхтар Әуезов

Есепшілер

Яндекс.Метрика