«Жиырма мыңжылдықтың құпиясы: ізденістер мен ашылымдар» атты кітабының авторы Алшанов Рахман Алшанұлы

Печать

2022 жылдың 10 ақпанында  «Жиырма мыңжылдықтың құпиясы: ізденістер мен ашылымдар» атты кітабының авторы Алшанов Рахман Алшанұлы М. Әуезов атындағы ОҚУ студенттері  мен Шымкент қаласының мектеп оқушыларымен кездесуі өтті.

Аталған іс-шараны Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым Академиясының академигі, т.ғ.д.,профессор М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің Басқарма төрағасы-ректор Д.П.Қожамжарова ашты, кітап авторына алғыс білдірді. Жастарды ғылымға деген ынтасын арттыруға бағытталған Р.Алшановтың еңбегін оқуға шақырды.

Университеттегі «Мұхтартану» ғылыми-зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері А.Б.Қалшабек, «Басқару және бизнес» ЖМ деканы э.ғ.к. доцент М.Қ.Сейдахметов, «Жалпы тарих және мұражай ісі» кафедрасының PhD докторанты Г.Б.Нарымбет, «Мұхтартану» ғылыми-зерттеу орталығының маманы Ә.Исабек, Шымкент қаласы білім басқармасының әдістемелік орталық директоры М.А.Медетбекова өз пікірлерін білдіре отырып авторға алғыс білдірді..

Заң факультетінің 2 курс студенті Н.Әліайдарқызы «Жиырма мыңжылдықтың құпиясы: ізденістер мен ашылымдар» атты  кітабығылымға деген құштарлықты оятқан бірден-бір еңбек,-деді.

Аталған кітап бойынша оқушылар менстуденттер арасында эссе жазудан ұйымдастырылған байқаудың жеңімпаздарына автор Сертификат және ақшалай сыйлықтар табыстады.Эссе жазуға қатысқан барлық оқушылар мен студент жастарға Алғыс хаттар берілді.

Ақпараттық білім беру орталығығалым еңбектеріне арналған «Ғұмырын ғылымға арнаған ғалым» тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырды. Кітап авторы университет кітапханасының қорына бірнеше кітабын тарту етті.

Шымкент қаласы мектеп оқушыларының жеңімпаздары: 1 орын  Д.Шеңгелбай №52 мектеп-лицейінің 10 «А» сынып оқушысы; 2 орын Н.Тұрлыбек З.Космедемьянская атындағы №23 мектеп лицейінің 10 «Ә» сынып оқушысы; 3 орын А.Сапаралиева №7 Қ.Спатаев атындағы ІТ мектеп-лицейінің 10 «Б» сынып оқушысы.

М.Әуезов атындағы ОҚУ студенттерінің жеңімпаздары:1 орын  Ф.Раймбекова «Заң» факультетінің  4 курс студенті; 2 орын А.Абатова «Тарих және педагогика» факультетінің 3 курс студенті; 3 орын З.Әбдуғаппар «Заң» факультетінің  2 курс студенті.

 

 

Мұхтар Әуезов

Есепшілер

Яндекс.Метрика