Сайын Мұратбеков

Печать

                      2014 жылы 17 қазанда Ақпарттық білім беру орталығының  №5 оқу залында «Бір ел - бір кітап» республикалық  акциясы аясында танымал қазақ жазушысы, Сайын Мұратбековтің  «Жусан иісі» және «Басында Үшқараның» атты шығармаларын талдауға Филология факультетінің студенттері қатысты.

Акцияның мақсаты – Қазақ әдебиетін насихаттау, тарихи-мәдени және рухани мұрамызды сақтау, жастарды отаншылдыққа, өнегелілікке тәрбиелеу, сондай-ақ, оқырмандарды әдеби-көркем кітаптарды оқуға, кітапханаға тартуға бағытталған.     

        Бүгінде Қазақтың көрнекті қаламгері Сайын Мұратбековтың шығармалары оқырмандарға кеңінен мәлім. Қаламгер әңгімелерінің басты тақырыбы мен көтерген өзекті мәселесі - ауыл өмірі мен әлеуметтік жағдайдың өзара байланысын суреттеу арқылы кейіпкердің азаматтық табиғи болмысын, адамгершілік және рухани тазалығын, жан сұлулығын  дәріптейді.     Көрнекті жазушы Сайын Мұратбековтың өмірбаяны мен шығармашылық жетістіктерімен көркемделінген презентацияны оқырмандарға АБО сектор меңгерушісі Шамбулова Х.Қ. таныстырды. «Қазақ тілі және әдебиеті» кафедрасының оқытушысы  Оразбаев Қ.М. жазушының шығармаларына баяндама жасады.  ФИ 13-1к1тобының студенттері Алдабергенова Б., Жолдасова А. жазушының повесінен үзінді оқыды. ФИ13-1к2 тобының студенті Нұрманова М. домбырада қазақ күйін орындап, ФИ 14-1к тобының студенті Тәліпбай Айжанның шырқауында «Ерке сылқым» әні оқырмандардың көңілінен шықты. С.Мұратбековтың өмірі мен шығармашылығынан викториналық сұрақтарға  Қалан Алтынай, Сәбит Назым, Тауджарова Ақмарал дұрыс жауап берді. Сайын Мұратбековтың өмірі мен қызметі жайында материалдар және жазушының шығармалары ұсынылған кітап көрмесі оқырмандарға ұсынылды. Акция соңында белсенді оқырмандар  алғыс  хаттар  мен бағалы сыйлықтарға ие болды.

Мұхтар Әуезов

Есепшілер

Яндекс.Метрика