Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Мақтанышым, Қасіретім –Желтоқсан» атты әдеби-кеші №4 оқу залында (7 корпус) Ақпараттық білім беру орталығы мен «Дене тәрбиесі және спорт» факультетінің аға тәлімгері Г.Малғайдарованың ұйымдастырумен өтті. Іс-шараға «Дене тәрбиесі және спорт» факультетінің деканы Жолдасбеков Ә., факультет аға тәлімгері Малғайдарова Г., АБО бөлім меңгерушісі Ережепова Ж., кітапханашылар Бөлет Г., Қауынбаева Ә. және студенттер қатысты.Іс-шараның мақсаты: студенттерді тәуелсіздік ұғымдарының тарихи маңызын түсіне білуге, туған халқының тарихын құрметтеуге, отансүйгіштікке баули отырып, патриоттық рухта тәрбиелеу мақсатында өткізілді. Фк-13-3к1, Фк 13-3к2 тобының студенттері дайындаған концерттік бағдарламаны қатысушыларға тарту етті. АБО сектор меңгерушісі Х. Шамбулова белсенді қатысқан студенттерді мақтау қағаздарымен марапаттады. Кеш соңында «Желтоқсан — тәуелсіздік бастауы» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады.