Техникалық мамандықтарға қызмет көрсету бөлімі
	
	Техникалық мамандықтар бойынша қызмет
	 көрсету бөлімінің меңгерушісі 
	Кулданбаева Ақбота  Насырқызы
Тел.: 21-19-92, e-mail: Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript
Техникалық мамандықтар бойынша қызмет көрсету бөлімі (ТМБҚҚБ) – ақпараттық білім беру орталығының негізгі құрылымдық бөлімшесі. Бөлім университеттің оқу тәрбие үрдісі мен ғылыми – зерттеу жұмыстарына арналған кітапханалық және ақпараттық – библиографиялық мәліметтерді қамтамасыз ету жұмыстарын атқарады. АБО пайдалану ережесі мен университеттің түрлі категориялы оқырмандарының ақпараттық сұраныстарына сәйкес қызмет көрсетеді.
Бөлім құрамына 2 оқу абонементі, 13 оқу залдары және көпшілік-тәрбие жұмысы бойынша сектор кіреді.
Қызмет көрсету бөлімінің міндеттері:
- ақпараттық мәліметтерге пайдаланушылардың еркін қол жетімділігін қамтамасыз ету;
 - қызмет көрсетудің сапасы мен деңгейін көтеру;
 - қызмет көрсету үрдістерін автоматтандыру және компьютерлендіру;
 - пайдаланушылардың ақпараттық мәдениетін көтеру.
 
ТЕХНИКАЛЫҚ МАМАНДЫҚТАР БӨЛІМІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
АБОНЕМЕНТТЕР
- Техникалық мамандықтар үшін оқу әдебиетінің абонементі (сілтеме)
 - Агроөнеркәсіптік мамандықтар үшін оқу әдебиетінің абонементі (сілтеме)
 
ОҚУ ЗАЛДАРЫ
- Әмбебап әдебиеттер бас оқу залы
 - Әлем тілдері оқу залы
 - Мерзімді басылымдар оқу залы
 - Ғылыми әдебиеттер оқу залы
 - Техникалық әдебиеттер оқу залы
 - Экономикалық және құқықтық әдебиеттер оқу залы
 - Ауылшаруашылық әдебиеттер оқу залы
 - Жеңіл және тамақ өнеркәсіп әдебиеттер оқу залы
 - Жатақханалардағы 5 оқу залы
 
	Жұмыс уақыты: 9.00-18.00-ге дейін
	Демалыс күні: Сенбі, жексенбі







