Кітапхананы дамыту бөлімі

Бөлім меңгерушісі:
Мынбаева  Гульбахира  Кансапаровна.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2000 жылғы 27 наурыздағы №249 бұйрығына сәйкес М.Әуезов атындағы ОҚМУ Ақпараттық білім беру орталығы Оңтүстік Қазақстан облысының білім беру жүйесі кітапханалары үшін бірыңғай үйлестіруші, ғылыми-әдістемелік және ақпараттық орталық болып бекітілген. Қазіргі кезде әдістемелік бірлестікке 9 колледж, 4 кәсіби лицей және 5 жоғары оқу орын кітапханалары кіреді. АБО әдістемелік қызметін Кітапхананы дамыту бөлімі (КДБ) жүзеге асырады.

Бөлім  жұмысының негізгі бағыттары:

  • кітапхана қызметінің негізгі бағыттары бойынша әдістемелік көмек көрсету;
  • кітапхана ісінің озық іс-тәжірибелерін зерттеп, насихаттау және енгізу;
  • АБО және ОҚО білім беру жүйесі кітапханаларының қызметін үйлестіру;
  • кітапхана қызметкерлерінің біліктілігін жетілдіру.

                    Бөлімнің негізгі міндеттері:

  • АБО бөлімдері мен басқа да кітапхана қызметкерлеріне кітапханалық және ақпараттық-библиографиялық қызметті жетілдіруде кеңес беріп, әдістемелік көмек көрсету;
  • АБО құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастыруға тәжірибелік көмек көрсету.
  • қызметкерлердің біліктілігін жоғарылату жүйесі бойынша іс-шараларды: конференциялар, семинарлар, дөңгелек столдар ұйымдастыру;
  • АБО әдістемелік кеңесін ұйымдастырып, кеңес шешімдерінің орындалуын қадағалау;
  • АБО және ведомствоаралық кітапхана қызметкерлері үшін біліктілік жоғарылату курстарын ұйымдастыру.

Мұхтар Әуезов

Есепшілер

Яндекс.Метрика