ХХІ ғасырдағы Алаш идеяларының өзектілігі.

Печать

     Биылғы жыл – Алаш қозғалысының 95 жылдығы. 1917 жылдың 5-13 желтоқсанында Орынбор қаласында өткен екінші жалпықазақ съезінде Ұлттық Кеңес құрылды. Яғни, 1917 жылдың 13 желтоқсаны  – қазақтың алғашқы заманауи үкіметінің - Алашорданың дүниеге келген күні. Алашорда үкіметінің құрылып, ХХ ғасырдың басында қазақ даласында автономиялық биліктің болуы ұлт-азаттық қозғалыс тарихында елеулі кезең болып саналады.

     Ғұмыры ұзақ болмаса да қазақтың тұңғыш үкіметі құрылып, қазақ халқының мемлекеттікке лайықты ел екені паш етілді. Алаш арыстарының ең басты еңбегі – олар сол қиын уақытта толыққанды саяси партия мен үкімет құрып, өз халқының мүдделерін батыл қорғау жағына шыға алуында. Алаш қозғалысы заманалық маңызы бар құбылыс, оның идеялары мен бағдарламалары ұлттық мемлекеттікті қалыптастыруды мақсат етті.

 

Мұхтар Әуезов

Есепшілер

Яндекс.Метрика