Дулат Бабатайұлы

Печать

"Бір ел“ бір кітап", 2016" акциясы бойынша ұйымдастыру комиссиясының кезекті отырысында биылғы жыл кітабы таңдалды. Басым дауыс ХІХ ғасыр қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі“ Дулат Бабатайұлының шығармаларына берілді. Дулат Бабатайұлы 1802 жылы Семей өңірі, Аягөз маңында дүниеге келген. Ауыл молдасынан оқып, хат танып, мұсылманша сауатын ашады. Өзіне дейінгі әдебиет үлгілерінен мол сусындап, көне ақын-жыраулар мұрасынан ескі тарихи аңыздар мен эпикалық жырларды тыңдап, нәр алып өскен ол өз дәуіріндегі ең білімді адамдардың бірі болды. Дулат Бабатайұлы халықтық шығармаларды, ұлттық поэзия үлгілерін жаттап өскен, көне түркі поэзиясынан тағылым алған. Бұқар және Ақтамберді жырауларды ұстаз тұтқан. Өлеңді ауызша да, жазбаша да шығарған. Ақын қазақ поэзиясын жаңа сатыға көтерді. Дулат Бабатайұлы өзі өмір сүрген уақыттың ахуалын қаз-қалпында жырлаған, оған өзінің азаматтық ой-пікірін батыл білдірген күрескер ақын болды. Дулат Бабатайұлының шығармалары, негізінен, қазақ халқының екі жақты езгіге түскен ауыр халін суреттеуге құрылған. Бірінші, патша үкіметінің отаршылдық қанауы,екінші, патша үкіметі тарапынан тағайындалып, солардан қолдау табатын жергілікті әкім-билердің езіп-жаншуы. Ақын өлеңінде патшалық Ресейдің отарлау саясатының әсерінен ел ішінің бүлініп, психологиялық өзгеріске түсуі, билік-құмарлыққа салынған әкім-билердің өзара талас-тартысы сыналады. Ынтымақ, бірлікке нұқсан келуі, асқақ рухты халық ұрпағының жеке пайдасы үшін жағымпаздыққа бой алдыра бастауы ақын кеудесін қайғыға толтырады. Сол қайғыны "тұнық жырмен" жуа отырып, Дулат ұлт бойына қалыптаса бастаған жағымсыз көріністерді сынайды, ұнамсыз бейнесін жасайды. Дулат ел әкімдерін озбырлығына қоса қазақ елін патша үкіметінің езгіге салуына себепші, елді сатушылар деп біледі. Оларды "Бараққа", "Тырнақтай меңі болған соң", "Әуелгі қазақ деген жұрт", т.б. өлең-толғауларында қатты сынайды. Өнер жолына ерте түскен, өмірінің соңғы күндеріне дейін ел ықыласына бөленген Дулат Бабатайұлы1871 жылы дүние салған. Д.Бабатайұлының тұңғыш өлеңдер жинағы 1880 жылы Қазанда "Өсиетнама" деген атпен жарық көрді. Оған сексеннен астам өлең жолдары топтастырылды. Оның өлеңдерінде ақиқаттың көріністері айқын бейнеленген, қазақ даласындағы дәстүрлі хандық басқару жүйесі жойылғаннан кейін, билікке сұлтандар мен билердің келуі, сол кездегі қазақ елінің әлеуметтік өмірі суреттелген. Ақын "Тегімді менің сұрасаң", "О, Сарыарқа, Сарыарқа", "Асқар таудың сәні жоқ" және т.б. шығармаларында халықтың ауыр тұрмысы мен байлардың көрсеткен зорлық-зомбылықтарын баяндайды. "Сүлейменге", "Бараққа", "Кеңесбайға" деген өлеңдерінде патшалық шенеуліктердің әрекетін сынға алып, айыптарын әшкерелейді.

Халқымыздың маңдайына біткен санаулы ұлы ақындарының бірі” Дулат Бабатайұлы, бұрынғы Семей облысы Аягөз ауданының Қызылжолда деген атамекенінде 1802жылы туған. Жаздық мекені Ақжайлау, Сандықтас. 1871 жылы атамекенінде қайтыс болған.

XIX ғасырдағы қазақ әдебиетінде Дулаттың өзіндік үлкен орны бар. Өйткені, ол өзінің толғау-жырларында көптеген келелі мәселелерді көтеріп, өз заманынының шындығын бірқыдыру бере білді.

Дулаттың өлеңдері ауызша тараумен қатар, 1880жылы Қазан қаласында "Өсиет нама" деген атпен кітап болып шыкты. Бұнда ақынның замана туралы толғаулары енгізілген. Ақынның шығармаларын ел аузынан жазып алып, бізге жеткізген халық ақыны Шәкір Әбенов.

Ақын өз заманындағы осы патшаның отарлау саясатынан зардап шеккен халқының қайғысын тереңнен сезініп, мұңын жырымен жазып, ел қамын ойлап, кейінгі ұрпақты тәрбиелеуде маңызды толғаулар айтады:

Дулат шығармашылығында елеулі орын алатын батырлар жыры үлгісіндегі, Отанды қорғауға арналған патриоттық мәні бар "Еспенбет" атты толғау. Бұл шығармашылығында жетім бала, жас батырдың қалмақтармен соғыста көрсеткен ерлігін сөз қылады. Дастанның бір ерекшелігі, тек батырдың жеке түлғасы ғана емес, сонымен бірге халық бейнесі қоса суреттеліп отырады. Ақын жорыққа атанған қалың топты табиғаттың жойқын күшіне балап, ерекше шабытпен, әсерлі жырлайды:

Дулат қазақ әдебиеті тарихында алғаш мысал жазған ақын. Оның мысал ретінде жазған шығармалары үлгі, өнеге беру, ақыл айту ретінде келіп отырады. Атап айтқанда, "Бір патшаның бір кезде", "Шымшық пен бөдене", "Сары шымшық", "Қара қарға жем тілеп" деген өлеңдерінде орынсыз мақтаншақтықты, тойымсыздықты әшкерелеп, кішіпейілділікті, адамгершілікті, бірлікті уағыздайды. Адам бойындағы асыл қасиеттерді ардақтаған ақынның мысал өлеңдерінің тәрбиелік мәні бүгінге дейін жойылған жоқ.

деп, өнер, білімнің оқу арқылы табылатынын, көп ізденуді, еңбектену керек екенін ескертеді. Жырау өлеңдерінің тілі шешен, өткір тартымды.

Абайдың ел пысықтарын, би-болыстардың мінез-құлықтарын бейнелеулері Дулат ақынмен үндесіп жатыр. Бұл тұста ақынның Дулатқа үңіле қарай отырып, оның кейбір жақтарын толықтыра түседі.

Дулат ақын шығармаларының көбі XIX ғасырдың 30-40-шы жылдарындағы тарихи жағдайларға байланысты қазақ өдебиеті арнасына шықты. Оның өзіндік орны бар. Дулат толғаудың асқан шебері болғандықтан өлеңдерінің барлығы дерлік еркін үйқасты. Ақын өлеңдері ауызша тараса да, қызыл империя тұсында әркімнің қолында сарғайған қағазда сақталып қалды. Ақынның алғашқы өлең жинағы "Өсиет-нама" деген атпен 1880жылы Қазанда басылды.

Шығармашылығын зер салып, зерттеген ғалымдар көп. М. Әуезов, Ә. Тәжібаев, Қ. Жұмалиев, Ы. Дүйсенбаев, Қ. Мұхамедханов, М. Мағауин т. б. Ұлттық Ғылым Академиясының мүшесі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Р. Сыздықова: "Дулат Абайдың алдында өткен қазақ сөз зергерлерінің ішіндегі ең мықтысы. Ол мәдени-рухани дүниемізден өз орнын, үлкен орнын алуға тиіс ақын",€” деп бағалаған.

2003жылы қыркүйектің 5-де Аягөз қаласында XIX ғасырдағы қазақ поэзиясының аса көрнекті өкілі Дулат Бабатайүлының туғанына 200жыл толуына арналған мерекелік шаралар өтті. Онда мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрі М. Құл-Мүхаммед бастатқан зиялы қауым, жыр дүлдүлі, шымырқанған шымыр жырларымен елдік пен ерлікті асқақтатқан Дулат ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы толғаныстары айтылды.

 

<p sans="Sans" serif",="serif" ,"="" "="" "arial="" arial"="" unicode="Unicode" ms",="ms" verdana;="Verdana;" background-color:="background-color:" rgb(255,="rgb(255," 251,="251," 214);"="214);" style="margin: 0px 0px 12px; padding: 0px; font-family: Arial, Helvetica, sans-serif; background-color: rgb(253, 254, 255); color: rgb(31, 31, 31); text-align: center;">altalt

Мұхтар Әуезов

Есепшілер

Яндекс.Метрика