«БІР ЕЛ – БІР КІТАП» - 2018. ЖЫЛ КІТАПТАРЫ: КЕЛІМБЕТОВ Н. «ҮМІТ ҮЗГІМ КЕЛМЕЙДІ», БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ «ҰШҚАН ҰЯ», ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫНЫҢ ПОЭЗИЯСЫ
2018 жылғы 23 ақпанда Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында (Астана қ.) «Бір ел – бір кітап» республикалық акция комиссисының кеңейтілген отырысы өтті. Отырыс жұмысына республикалық акция комиссисының мүшелері, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері, ЖОО басшылары, сондай – ақ, Ұлттық академиялық кітапхананың қызметкерлері және баспасөз қызметі қатысты.
Жылда бір авторды ғана таңдау шегінен тыс шығуға ұсыныс жасалды. Отырыс қатысушылары екі жанрды таңдауға ұсынылды: поэзия және проза. Ұзаққа созылған пікірталас аяқталған соң 2018 жылға жалпы халықтық оқу үшін таңдалды:
1.Немат Келімбетов «Үмiт үзгiм келмейдi»
Немат Келімбетов – танымал қазақстандық ғалым және педагог. Филология ғылымдарының докторы, әдебиетші, жылдан жылға оның еңбектерінде терең философиялық ойлар байқалды. Таңқаларлық стилист және білімді зияткер Немат Келімбетовтың әдеби шығармашылығында сөздің күші мен ойды өрнектейтін мүлтіксіздігі айқын көрінеді. Оның кітаптарында осы екі компонент – ой және сөз – бір – бірімен түйіндескен.
Немат Келімбетов 1937 жылғы 4 сәуірде дүниеге келді. 1959 жылы Ташкент қаржы-экономика инcтитутын, 1966 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірді. Түркітанушы-ғалым, жазушы, аудармашы, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының Гуманитарлық ғылымдар академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. КСРО және Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. ҚР Құрмет грамотасымен марапатталған, Күлтегін атындағы сыйлық лауреаты, 2010 жылы әдебиет саласындағы Франц Кафка Халықаралық сыйлығының лауреаты. Әртүрлі жылдары оның күрделі еңбектері жарыққа шықты, оның ішінде: «Ежелгі түркі поэзиясы және қазақ әдебиетіндегі дәстүр жалғастығы», «Қазақ әдебиеті бастаулары», «Көркемдік дәстүр жалғастығы», «Ежелгі дәуір әдебиеті» және т.б. Қазақ әдебиетінің бастаулары туралы бағдарлама бойынша жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған бірқатар оқулықтар мен оқу құралдарының авторы болып табылады.
Оның «Үмiт үзгiм келмейдi» монолог – хикаяты, «Ұлыма хат» эссесі және басқа да кітаптары шет елдерде де танылды. Көбі әлемнің бірқатар тілдеріне аударылып, зияткерлік элита арасында жоғары бағаланды.
2. Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя»
Бауыржан Момышұлы қаһарман, жазушы, бірегей тұлға. Автордың кітаптары патриотизмге толы. Олар елдің тарихындағы әскери жанрының алғашқы әдеби туындылары болып табылады.
Бауыржан Момышұлы 1910 жылғы 24 желтоқсанда Жамбыл облысы Жуалы ауданының Көлбастау ауылында шаруа отбасында дүниеге келген. 1936 жылы ол әскер қатарына шақырылып, өз болашағын Кеңес әскерімен біржолата байланыстырды. Мәскеу астындағы шайқас Момышұлының өмірбаянында ерекше орын алады. Ол генерал И.В. Панфиловтың қолбасшылығымен 316 - атқыштар дивизиясының құрамында соғысты.
Көрнекті жазушы – оның барлық туындылары әскери шайқастарға қатысудан әсерлерімен жазылған және халық өмірінің сол қиын кезеңі туралы әңгімелейді. Оларда іс жүзінде орын алған оқиғалар және бірге шайқасқан жолдастары суреттелген. Момышұлы екі тілде еркін сөйлеп, еркін жазған. Бұны осылайша түсіндірген: ана тілі туғаныңмен байланыстырады, орыс тілі бөтендерді жақындастырады. Ол «Бір тіл білген адам бір адам, екі тіл білген-екі адам» деген қағиданы ұстанды. Оның «За нами Москва» (1958), «Генерал Панфилов» (1963), «Наша семья» (Абай атындағы Қазақстан мемлекеттік сыйлығы, 1976 жыл) кітаптары әлем халықтарының көптеген тілдерінде бірнеше мәрте қайта шығарылды. Момышұлының өмірі, оның жауынгерлік айбынының және шығармашылық әрекетінің мысалы А. Бектің «Волоколамск тас жолы» повестінің, Ә. Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» романа-дилогиясының, «За нами Москва» көркем фильмінің негізіне айналды. Момышұлының сөздері біз үшін қағаз бетінде қалды, ал өзі билеуші өкіметке мойымай, басын тік ұстап, өзінің тік мінезінен шеккен зардаптарына төтеп бере отырып өмір сүрді.
3. Шәкәрім Құдайбердіұлының поэзиясы («Үш анықтан» басқалары да)
Шәкәрім Қазан төңкерісіне дейін қазақ әдебиетінің ең танымал авторларының біріне айналған. Оның «Қазақ айнасы» жинағы, «Қалқаман-Мамыр» және «Еңлік-Кебек» поэмалары 1912 жылы Семейде үш кітап болып жарық көріп, авторды танымал етті және оның қазақ әдебиетінің тарихында алатын орнын анықтады. Сонымен қатар, «Лейлі - Мәжнүн», «Нартайлақ және Айсұлу», «Қодардың өлімі», «Мұтылғанның өмірі» поэмаларын, «Әділ және Мәрия» романын, «Байшешек бақшасы» әңгімелер жинағын, көптеген мысалдар, афоризмдер, жұмбақтар, философиялық лирика туындыларын және т.б. жазған. Шәкәрім, сондай – ақ, әлемдік әдебиеттің сюжеттеріне де үңілді. Хафиздің бірқатар өлеңдерін, А.С. Пушкиннің «Дубровский», «Боран» атты шығармаларын, Л.Н. Толстойдың әңгімелерін, американ жазушысы Гарриэт Бичер Стоудың «Том ағайдың балағаны» атты романын аударды.
Шәкәрім адам үшін басты ғылым – ар-намыс ғылымы екендігіне және бұл ғылымға адамдарды балалық шағынан бастап үйретуге болатынына сенді.