20.10.2011 - Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақбілек» романына арналған пікір-сайыс өткізілді

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің Ақпараттық білім беру орталығында «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында №1 оқу залында (Бас ғимарат) қазақ халқының біртуар ұлы Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақбілек» романына арналған пікір-сайыс өткізілді.

Бұл іс-шараның мақсаты- ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу және насихаттау, оқу ісін ілгерілету, рухани мұрамызды сақтау, сондай-ақ жастарды отаншылдыққа, әрі өнегелілікке тәрбиелеу. «Ақбілек» романы Аймауытов шағырмашылығының шыққан биігі деуге болады. Жазушы стиль, композиция тәрізді көркемдік құралдарға ерекше көңіл бөледі. Еуропа, орыс әдебиетіндегі бейне жасау, мінездерді даралау дәстүрлерін еркін пайдалана білді.

Ақбілектің басынан өткен жайлар бүкіл халықтың трагедияның бір ұшқыны. Қазақ қызы басына түскен ауыртпалықтан жаңа заман өзгерістері легінде ғана құтылады. Ақбілек қалаға барып оқып, адам болып, жаңа жар тауып, қатарға қосылады.

Пікір-сайыс АБО-ның гуманитарлық, техникалық оқу залдарының сектор меңгерушілері Шамбулова Халида және Жұмабаева Ботакөз Аленқызының ұйымдастыруымен, сонымен қатар, барлық факультет студенттерінің арасында өткізілді.

Филология факультетінен ф.ғ.к., доцент Оразалиев Сейдалы ағай , ф.ғ.к. Жандосова Зылиха апай, «Тәрбие ісі және жастар саясаты» бөлімінің бастығы Қамбаров Алтынбек ағай және АБО-ның қызметкерлері пікір-сайыс барысында студенттермен өз ойларымен бөлісіп отырса, ф.ғ.к., доцент Бекетов Байқазақ ағай қорытынды сөзімен пікір-сайысты тәмәмдады.

Тәуелсіз елімізді өркениетті әлемге танытатын, дамыған елдер қатарында терезесін тең ететін күш – білім және білімді ұрпақ болғандықтан, өткізілген пікір-сайысымыздан студенттер рухани жағынан азық алып, жүректерінің түкпірінен елге, тілге деген құрмет пен оқу, білімге деген ынта, ертеңге деген сенім пайда болды деген сенімдеміз.

Жамантаева Ақкүміс
«Әлем тілдер» оқу залының кітапханашысы

PHP GD image processing library is not installed (http://www.php.net/gd)

Мұхтар Әуезов

Есепшілер

Яндекс.Метрика