«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тілінде 100 жаңа оқулық»

Печать

2018 жылы 19 қыркүйек күні филология факультеті мен педагогика және мәдениет факультетінің студенттері үшін Ақпараттық білім беру орталығының оқу залында «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тілінде 100 жаңа оқулық» жобасы аясында жарық көрген алғашқы 17 кітабының тұсаукесері бойынша оқырмандар конференциясы өткізілді. Іс-шараның басты мақсаты студенттерге қазіргі қоғамдағы өмірдің күрделі құбылыстары мен процестерін, олардың мәні, мазмұны, даму динамикасын түсінуге көмектесу болып табылады. Осы ұсынылған әдебиеттерді саналы түрде өздерінің оқу және ғылыми қызметінде пайдалануды көздейді. Сондай-ақ, университеттің ғалымдары мен студенттері ұсынылған кітаптардың мазмұнына талдау жасап, аударылған оқулықтар туралы өз пікірлерін білдірді.Талқылау барысында жастардың «100 жаңа оқулық» жобасына назарын аудару, халық арасында мемлекеттік тілге аударылған оқулықтар мен оқу құралдарын насихаттау мәселелері көтерілді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Жаңа гуманитарлық білім. 100 жаңа оқулық» жобасы маңызды міндеттерді шешуге - гуманитарлық білімнің жаңаруына бағытталғанын атап өтті. Алғаш рет әлемнің зияткерлік қоры біздің азаматтарымызға қазақ тілінде қол жетімді болды.

 

Мұхтар Әуезов

Есепшілер

Яндекс.Метрика