2020 жыл 16 қарашада Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Ғани Бектайұлы Бейсембаевпен, жастарды кітап оқуға баулу, оқу мәдениетін арттыру және болашақта кітапхана мен кітапханашы мамандардың мәртебесін көтеру үшін «кітапханашы-педагог» мамандығын ашу жолдарын қарастыруға арналған кездесу өтті. Кездесу барысында «Жалпы тарих және музей ісі» кафедрасының меңгерушісі Г.К.Отарбаева және Ақпараттық білім беру орталығының бөлім меңгерушісі А.С.Куралбаева баяндама жасады.