Рухани Жаңғыру

Печать

 2019 жылы 24 қыркүйек күні «Әлем тілдері» оқу залында «Болашаққа Бағдар: Рухани Жаңғыру» бағдарламасы және «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында жарық көрген 49 оқулықты насихаттау бойынша «New Kazakhstan in a New World» тақырыбында үш тілде дөңгелек үстел болып өтті. Іс-шара Ақпараттық білім беру орталығының кітапханашысы М.К. Иманкулованың және «Гуманитарлық мамандар үшін шет тілі» кафедрасының мұғалімдерінің ұйымдастыруымен өткізілді. Жиынға Ақпараттық білім беру орталығының бөлім басшылары, «Гуманитарлық мамандар үшін шет тілі» кафедрасының мұғалімі А.А. Нұрымбетова және заңтану және халықаралық қатынастар факультетінің ЮМ-19-3к  тобының студенттері қатысты.

Іс-шараның басты мақсаты жастарды «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы  аясында қолға алынған,  әлемнің ең үздік деп танылған философия, әлеуметтану, психология, экономика және басқа да пәндер бойынша әлемдік ойлардың алтын қорына енген еңбектерден аударылған  оқулықтармен  таныстыру, әлемдік ақпараттық кеңістікке кіру барысында білімді ұрпақ тәрбиелеу, жастарға жаңашыл бағытта білім беру.

Талқылау барысында, студенттер үш тілде докладтар оқып слайдтар көрсетілді. Және де жастардың назарын «100 жаңа оқулық» жобасына аудару, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының маңызын бүкіл қоғам терең түсініп, еліміздің рухани тәуелсіздігін нығайтатын мәселелер көтерілді. Жиын барысында студенттер Елбасымыздың бағдарламасы жайлы және  аударылған оқулықтарға қатысты өз пікірлерін білдірді.

 

 

 

Мұхтар Әуезов

Есепшілер

Яндекс.Метрика