Кітап қорын қалыптастыру бөлімі

Кітап  қорын  қалыптастыру бөлімінің қызметкерлері:                 E-mail:  Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript

Иркенова С.С. - бөлім меңгерушісі

        Туляганова С.Д. – кітап қорын тіркеу секторы

        Булетова Г.К. – ОӘӘ  қамтамасыз ету секторы

 

Жұмыс уақыты: 9.00 – 18.00 сағ.
 

      Университет кітапханасы кітап қорын қалыптастыру бөлімінің негізгі міндеті ақпараттық оқу және ғылыми  жұмыс барысында әдебиеттермен қамтамасыз ету .

Кітап қорын қалыптастыру бөлімінің функциясы: оқу және ғылыми әдебиеттерді табу, таңдау, тапсырыс беру және қабылдау; құжаттарды техникалық өңдеу, оларды есепке алу; оқырмандардан жоғалтқан құжаттардың орнына құжат қабылдау;  кітап қорын қалыптастыру бөлімінің  жоспары мен есебін беру; мерзімді басылымдарға жазылу.  

Кітап  қорын  қалыптастыру бөлімі көрсетілген секторлардан тұрады :

     1. Әдебиеттерді сатып алу секторы кафедра референттерімен тығыз байланыста жұмыс жасайды, ағымды түрде қорды толықтырып отырады, мерзімді басылымдарға жазылады.  Бөлімде  «Комплектование», «Подписка», «Периодика» АРМ модулдері жүргізіледі.

Сатып алу секторы ақпараттық-библиографиялық ақпараттардың көп мөлшерлі дереккөздер түпнұсқасын алады. Дәлірек айтқанда: баспалардың тақырыптық жоспарлары. Баспалардың тақырыптық жоспарларының жиынтық  мазмұнды каталогы, кітапсату ұйымдары мен фирмалардың прайстары және т.б. Университет бөлімшелерінің жазбаша сұраныстары арқылы оқулық басылымдар мен құжаттар алынады. Білім министрлігінің грифі бар оқулық басылымдары айрықша сұранысқа ие.

Басылымдарды алу үшін  қалай тапсырыс жасау керек:

Оқу және ғылыми әдебиеттерге сұранысты кітап қорын қалыптастыру бөлімі қабылдайды.

Оқулық, ғылыми әдебиеттерге сұраным формасы  Көшіру

  Әдебиеттерді сатып алу үшін кітапханашы Усенкулова К. кеңес алуыңызға болады.
(215 каб., дүйсенбі-жұма күндері сағ. 9.00-ден 18.00-ге дейін )  E-mail Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript

Сұраныс парағы  кафедра меңгерушісінің қолы болған жағдайда қабылданады.

         2. Кітап қорын тіркеу секторы – кітапхана қорын есепке алып отырады, кітап қорына түскен құжаттарды ,  есептен шыққан қорды , жалпы кітапхана қорының көлемін тіркеп отырады,  кітапхана қызметін жоспарлау мен есептеу үшін,  кітап қорының қозғалысы мен сақталуын бақылауды қамтамасыз етеді. 

 

            3. ОӘӘ  қамтамасыз ету секторы  - оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз ету картотекасы автоматтандырылған түрде жүргізіледі.  Оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз ету картотекасында оқу пәндері туралы ақпарат, студенттер құрамы мен оқу түріне қарай, қамтамасыз ету коэффициенті беріледі.

           М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің АБО-ның АРМ «Книгообеспеченность» модулі кітап қорының және мамандық пәндерінің циклын, негізгі және қосымша әдебиеттермен қамтамасыз етілуі жайында тез арада ақпарат береді.

           АРМ «Книгообеспеченность» модулі кафедра референттері өткізген оқу жоспары, пәндер тізімі, оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз ету картасы негізінде жүргізіледі және кітап қорына түскен жаңа оқу-әдістемелік әдебиеттерге байланысты күнде толықтырылып отырады.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің  талабы мен нормасына сәйкес емес пәндерді картотекадан анықтап, оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз ету коэффициентін шығарады.  Ағымды және келесі жылға кітап қорын толықтыруды жоспарлауға мүмкіндік береді.

     Кафедра референттері мен оқытушыларына  оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз ету картасын құрастыруда әдістемелік көмек көрсетеді

                                                               КАФЕДРАЛАР  НАЗАРЫНА!

      Студенттерді  оқулық пен оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз ету мақсатында, әр оқу жылы кафедра референттері, төменде көрсетілген құжаттарды тез арада өткізулеріңізді сұранамыз.

  • модульдік білім беру бағдарламасы
  • оқу пәндерінің тізімі
  • оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз ету картасын

     Оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз ету картасын құрастыруда ОӘӘ сектор меңгерушісі Булетова Г.К әдістемелік көмек көрсетеді.

(Бас оқу залы. АБО-ның кітап қорын қалыптастыру бөлімі  .тел. 21-19-92)  Көшіру

Жұмыс тәртібі, күн сайын: 9.00 – 18.00 сағ.

Демалыс күні – сенбі, жексенбі

Мұхтар Әуезов

Есепшілер

Яндекс.Метрика