Жаңа технология және электрондық ресурстар бөлімі
|
|
Бөлім меңгерушісі: Джанбулатова А.Е тел:21-19-92 E-mail: Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript |
|
Жұмыс уақыты: 9.00-18.00-ге дейін
Демалыс күні: Сенбі, жексенбі
Жаңа технология және электрондық ресурстар бөлімі
Бөлім 1998 жылы Сорос – Қазақстан қоры ұйымдастырған «Оңтүстік Қазақстан облысы жоғары оқу орындары кітапханаларының тұтас ақпараттық жүйесін дамыту» жобасына қатысып, оны тәжірибеге енгізу нәтижесінде құрылды.
Ақпарат кеңістігін кеңейту арқылы жаңа компьютерлік технологиялар мен қызметтер енгізіп, оны жетілдіріп, кітапхананың негізгі кітапханалық үрдістерін автоматтандырудың бағдарламаларын жасап, техникалық қамсыздандырады, электрондық каталогтар мәліметтер базасын құрып АБО және жоғары оқу орындары мен колледж кітапханаларына автоматтандыру мәселесі бойынша әдістемелік көмек көрсетеді.
Бөлімінің негізгі қызметі:
-
Кітапханалық ақпараттық үрдістерді автоматтандыру, ендіру, ИРБИС-64 бағдарламасымен жұмыс жүргізу жағдайын жасау. ИРБИС бағдарламасындағы «Администратор» каталогы арқылы басқа каталогтарға енгізілген әдебиеттерді жинақтап олардың резервті көшірмесін жасап отыру;
• АБО бөлімдеріндегі компьютерлер мен қосымша техникалық жабдықтарды орнату, техникалық жағдайын қадағалау, ахаулықтарын реттеп отыру;
• Ішкі желі жұмыстарын жаңарту, өзгерту;
• АБО қызметкерлерін автоматтандырылған жұмыс орындарында жаңа техникалық, бағдарламалық қызмет түрімен таныстыру, жаңа бағдарламалық енгізулерге оқыту, әдістемелік кеңес беру;
• Бөлімдерді компьютерлендіру қызметін ұйымдастырудың алдыңғы қатарлы іс-тәжірбиелерін ендіру және оқыту, жаңа ақпараттық технологияларды қолдану және Интернет желісінде пайдаланушыларға кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсету деңгейін көтеру. - Жаңа технология негізінде ақпараттық және сервистік қызмет көрсетіп, раритеттік қорды электронды тасымалдағыштарға аудару жұмысымен айналысады.
Бөлімде екі сектор жұмыс жасайды:
• Бағдарламалық қамтамасыз ету және эксплуатациялау секторы
• Құжаттарды электрондық түрге өткізу секторы
2009 жылы бөлімнің құрылымында құжаттарды электрондық түрге өткізу секторы құрылды. Сектордың негізгі қызметі АБО қорындағы өте сирек және аз даналы оқулықтарды сканерден өткізіп электрондық құжаттар құру, оқырмандардың сұранысы бойынша барлық басылымдардың сандық базасын түзу, пайдалану мүмкіндігін кеңейту.
Бөлімге қарсаты 2- электрондық ресурстар орталығы жұмыс жасайды. ЭРО орталықтары оқырмандарды Интернет желісіне ену, толық мәтінді деректер қорын пайдалану, элекрондық оқулықтарды пайдалану, онлайн теле-конференциялар өткізу сияқты қызмет түрлерін ұсынады.
ЭРО орталықтары: Бас ғимарат, бас оқу залында, №8 ғимарат, Ватутина көшесі бойындағы орналасқан.
Пайдаланушыларға төмендегідей толық мәтінді мәліметтер базасын ұсынады:
- Электрондық кітапхана (Профессор оқытушылар құрамының еңбектері)
- Заң базасы
- Электрондық архив ( өте сирек және аө даналы оқулықтарды сканерден өткізіп жинақтаған, сонымен бірге Интернет желісінен жинақталған әдебиеттер қоры мәліметтері;
- Альма-матер;
- Ноталық басылымдар қоры;
- Өлкетану мәліметтер қоры
- РМЭБ- ( Республикалық жоғары оқу орындары аралық электрондық кітапхана қоры)
- ЭПИГРАФ (ҚР электродық және мультимедиялық оқулықтар қоры)
- АқнұрПресс-цифорлы кітапха қоры
Шетелдік базалар:
- Thomson Reuters
- Polpred
- Elsevier
- Science Direct
- Taylor &Francis eBooks
- Scince of Aging
- Knowledge Environment
- ЭБ Grebennikon