БД – «Электронный архив» - полнотекстовая база данных учебной литературы на казахском, русском, английском языках  БД «Труды профессорско-преподавательского состава ЮКГУ им. М. Ауезова»-полнотекстовая коллекция изданий учебно-методической литературы преподавателей ЮКГУ  Комиссия по правам человека при президенте РК ELIBRARY.RU - ЭЛЕКТРОННАЯ БИБЛИОТЕКА База данных arXiv.org — крупнейший бесплатный архив электронных публикаций научных статей и их препринтов по физике, математике, астрономии, информатике и биологии Электронная библиотека статей 300 популярных журналов и газет на английском языке (1998-2003 гг.)  Казахстанская открытая библиотека Казахстанская Национальная электронная библиотека       

Белгілі меценат, "Halyk Bank" АҚ қазынашылық Департаментінің директоры, Enactus Kazakhstan халықаралық коммерциялық емес ұйымының Reading Club жобасының негізін қалаушы, қазақстандық жас ұрпақтың кітап оқу  мәселесіне бей-жай қарамайтын,  кітаптың құндылығын бағалаушы Азамат Утенов, М.Әуезов атындағы ОҚМУ кітапхана қорына 200-ден астам әлемдік бестселлер тапсырды. Олардың көпшілігі - өзін-өзі дамыту мен жеке өсуге арналған кітаптар жиынтығы: С.Ковидің «Жоғары нәтижелі адамдардың 7 дағдысы», Б.Трейсидің «Өзіңіздің ыңғайлы аймағыңыздан шығыңыз», Э.Берннің «Адамдар ойнайтын ойындар», У.Айзексонның «Стив Джобс», Б. Джордждың «Көрнекті көшбасшылардың сабақтары», Т. Питерсонның «Елестетіп көр», Д.Мэннің «Шыңғыс ханның көшбасшылығының құпиялары» және т.б. кітаптарынан көптеген пайдалы ақпарат алып, кейбір нәрселерге жаңа қырынан қарап, жаңа тәжірибе жинай аласыз.

«Әлемдік әдебиеттер кітапханасы», «Әлемдік классиканың шедеврлары», «Эксклюзивті классика» серияларының кітаптар жиынтығы бойынша  жазушы авторлар Драйзер Т., Моэм С., Уальд О., Ремарк Э, Лондон Д., Дюма А., Толстой Л., Стоун И.  шығармалары назар аударуға тұрарлық. «Қазіргі заманғы үздік суретшілер» сериясындағы өнер туындылары туралы басылымдар, мысалы: Фрида Кало, Грант Вуд, Рауль Дюфи, Энди Уорхол және т.б. кітаптары маңыздылығымен таң қалдырады. Мұндай әдебиеттерді оқу міндетті түрде оқырман санасын жақсартуға әсер етеді, сүйіспеншілік пен сұлулық құндылықтарын қалыптастыруға, өзгертуге және жетілдіруге бағыт береді. Ұсынылған кітаптар тек сөреден лайықты орын алып қана қоймай, жаңа әсер мен жаңа тәжірибе қалдырады, сонымен қатар студенттеріміздің креативті және табысты болуына көмектеседі. Барлық басылымдар кітапхананың электрондық каталогына «А.Утеновтың сыйы» деген жазумен енгізілген.

 

Видеоэстафета

Мұхтар Әуезов

Есепшілер

Яндекс.Метрика