"Жоғары оқу орындарының кітапханасын дамытудағы заманауи әлемдік трендтер" XI халықаралық конференция Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Ғылыми кітапханасында жыл сайынғы "Жоғары оқу орындарының кітапханасын дамытудағы заманауи әлемдік трендтер. Университеттің әлемдік ғылыми кеңістікке интеграциялануындағы академиялық кітапханалардың рөлі" атты XI халықаралық конференциясы 27-28 сәуір күндері өтті. Конференцияның ашылу салтанатында ҚР ғылым және жоғары білім министрлігінің комитет төрайымы Копенова Гульзат Ізбасарқызы бүгінгі кітапханаларға қойылып отырған талаптыңда жоғары екеніне баса назар аударды.Университеттің жеткен жетістіктерінде кітапхананың рөлі зор екенін атап өтті.
ҚР ғылым жане жоғары білім министрлігінің және Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары, кітапханалары қауымдастығының қолдауымен өткен бұл конференцияда қазіргі заманғы университеттік кітапханалар кызметінің өзекті бағыттары бойынша білім және практикалык, тәжірибе алмасып, академиялық кітапханаларды одан әрі дамыту үшін ұсыныстар әзірленді. Сессиялар, мастер-класстар барысында білім беруді, ғылымды кітапханалық-ақпараттық қамтамасыз ету динамикасына, кітапханаларды цифрландырудың басымдықтарына, ресурстар мен сервистерді цифрлық кеңістікке ендіруге қатысты мәселелер қаралды. • Конференция аясында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының кітапхана басшыларына кітапхана ісіне қатысты нормативтік- құқықтық құжаттар мен халықаралық стандарттар бойынша
семинар өтті.
Іс-шараға Қазақстанның 57 жоғары оқу орнынан 110-нан астам еліміздің жоғары оқу орындары кітапханаларының басшылары мен Ресей, Туркия, АҚШ, Сингапур, Швейцария, т.б. шетелдік университет кітапханаларынан әріптестер катысты.
Конференцияға оқу орнымыздың Ақпараттық білім беру орталығының директоры Саурбаева И. К. және кітапхананы дамыту бөлімінің бөлім меңгерушісі Утегулова Л. Ж қатысып тәжірибе алмасып, біліктілік деңгейілерін көтеріп, сертификат алды .