БД – «Электронный архив» - полнотекстовая база данных учебной литературы на казахском, русском, английском языках    Комиссия по правам человека при президенте РК ELIBRARY.RU - ЭЛЕКТРОННАЯ БИБЛИОТЕКА База данных arXiv.org — крупнейший бесплатный архив электронных публикаций научных статей и их препринтов по физике, математике, астрономии, информатике и биологии Электронная библиотека статей 300 популярных журналов и газет на английском языке (1998-2003 гг.)  Казахстанская открытая библиотека Казахстанская Национальная электронная библиотека       
           
             Құрметті профессор-оқытушылар құрамы сіздерді  2024 жылдың 23 қазан күні  сағат 10.00-де,  бас ғимарат, 2 -этаж, №222 аудиторияда  IPR SMART цифрлық кітапханасының ресурстарымен және платформаның қызмет бағыттарымен танысу үшін «EDPHUB» компаниясының ресурстық дамыту бөлімінің директоры  Кутуева  Витамен  өтетін  семинарға қатысуға шақырамыз.
            Семинар  барысында «EDP Hub» ЖШС ұйымдастырған  авторларды қолдау, басылымдық белсенділікті арттыру және олардың жұмысын баспа және электронды түрде басып шығару арқылы ғылыми ортада ілгерілету, оқытушылардың еңбектерін компанияның цифрлық өнімдеріне енгізу туралы ұсыныстар айтылады. Сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы оқу процесін қолдау үшін оқу материалдарының қорын құру жайында мәліметтер беріледі. 
IPR SMART цифрлық кітапханасы -165 мыңнан астам мазмұн бірлігіне  қол жеткізуді қамтамасыз етеді,  олар оқулықтар,  оқу –әдістемелік құралдар,  монографиялар,  мерзімді басылымдар. Бұл жоғары білім берудің соңғы стандарттарының талаптарына сай шығарылған заманауи оқу әдебиеттер қоры. Қазіргі уақытта көптеген мұғалімдер өздері оқытатын пәндер бойынша бағдарламаларын жаңарта  отырып осы электрондық цифрлық кітап қорына сілтеме жасай алады. 
Құрметті  профессор –оқытушылар семинарға  қатысуларыңызды сұранамыз!  АББО әкімшілігі.
 

Мұхтар Әуезов

Есепшілер

Яндекс.Метрика