2025 жылдың 19-20 ақпан айында Ақпараттық білім беру орталығының "8" ғимаратында √5 оқу залында "Мәдениет және өнер", "Филология" факультеттеріне "Ақпарат күні" жаңа кітаптар көрмесі өтті. Кітапхана қорына келіп түскен жаңа оқулықтар ұсынылды. Кафедра меңгерушілер, оқытушылар, студенттер өз үлестерін қосып белсенді түрде қатысты. Олар өз кезегінде осындай іс- шараның өтуіне өз алғыстарын білдірді.