Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамда кітап оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды. Құжат заманауи кітапханалар ашуды, отандық жазушыларды қолдауды және ұлттық әдеби мұраны насихаттауды көздейді.
Жарлық аясында жүзеге асатын негізгі міндеттер мен мерзімдер:
• Инфрақұрылым: Елімізде цифрлық құралдарды кеңінен қолданатын жаңа форматтағы кітапханалар мен қоғамдық кеңістіктер құру.
• Биылғы іс-шаралар: 2026 жылғы 1 қыркүйекке дейін «Жылдың 10 оқырманы» республикалық жобасын іске қосу.
• Ұлттық сыйлық: Кітап оқу мәдениетін дамытудағы үздік жетістіктер үшін арнайы Ұлттық сыйлық тағайындау.
• Цифрлық кітапхана: 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін жалпыға қолжетімді бірыңғай Ұлттық цифрлық кітапхана платформасын құру.
• Жаңа заң: 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін «Кітапхана және кітап шығару ісі туралы» жаңа заң жобасын әзірлеу





























