Ақпараттық білім беру орталығының «Электронды ресурстар орталығында» (Бас ғимарат, 222 ауд.) ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 20 – жылдығы және ЖЕЛТОҚСАН оқиғасының 25 жылдығына арналған «ТӘУЕЛСІЗ ЕЛ - ҚАЗАҒЫМ» атты әдеби –музыкалық кеш өткізілді. Әдеби-музыкалық кештің мақсаты: Оқырманды отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, туған жеріне, атамекеніне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға дұрыс бағыт-бағдар беру, өз елінің тарихын сыйлауға үйрету, жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу. Педагогикалық мәдениет факультеті, Ақпараттық технологиялар, телекоммуникация және автоматтандырылған жүйелер факультеті, Агроөнеркәсіптік факультеттерінің студенттері «Тәуелсіз ел- қазағым» атты әдеби-музыкалық кешінде қазақ ақын - жазушыларының шығармаларынан үзінділер оқып, ән айтып, күй тартып, би билеп өз шығармаларынан тәуелсіз қазақ еліне жыр шумақтарын арнады. Көпшілік назарынан шыққан студенттерге мақтау қағазымен бірге сыйлықтар тапсырылды.