Көпшілік іс-шаралар

«Тәуелсіздік – азаттықтың алтын діңгегі»

Печать

2015 жылы 4 желтоқсанда оқу залында 16 желтоқсан –Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік – азаттықтың алтын діңгегі» атты әдеби кеші Ақпараттық білім беру орталығыны мен «Психология және дефектология» кафедрасының ұйымдастыруымен өтті. Студенттерді тәуелсіздік ұғымдарының тарихи маңызын түсіне білуге, туған халқының тарихын құрметтеуге, отансүйгіштікке баули отырып, патриоттық рухта тәрбиелеу мақсатында өткізілді. Мерекелік кешке «Дене тәрбиесі және спорт» факультетінің аға тәлімгері Г.Малгайдарова, «Психология және дефектология» кафедрасының меңгерушісі Г.Лекерова, практик-психолог Г.Айтжанова , «Психология және дефектология» кафедрасының оқытушысы Ғ.Бейсенбаева, факультеттің оқытушылары мен студенттері қатысты. Әдеби кеште 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасындағы қайсарлық пен ерлік суреттелетін «Желтоқсан желі» атты бейнефильмі және «Тәуелсіз Қазақ елі» атты бейнеролик көрсетіліп, егемендік алған жылдардан бастап еліміздің жетістігі баяндалды. Кеште студенттер Тәуелсіздік туралы жазған өз өлеңдерін оқып, «Елім менің», «Қазақ елі» сынды рух беретін әндер мен күй орындалды. АБО сектор меңгерушісі Халида Шамбулова қатысушылырға алғыс айтып, ФК 15-2к2 тобының белсенді студенттерін: Сания Садуақас, Айдана Төлеева, Динара Мейірбек, Тұрсынай Асанбаева, Салтанат Рысбай, Дидар Оңғар, Жасұлан Пернесейіт (ЕП 15-2к2), Елдос Төрехан (ЕП 13-1к1), Алишер Хамраев, Азамат Егембердиев (ФК15-5р) мақтау қағаздарымен марапаттады. Кеш соңында кітапханашылар Гүлзада Бөлет және Әсем Қауынбаева «Желтоқсан — тәуелсіздік бастауы» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады.

1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күні

Печать

27 қараша күні  Университеттің акт зал файесінде Ғылыми библиографиялық бөлімі  "1-желтоқсан тұңғыш президент"  күніне арналған "Елі сүйген Елбасы " тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.

«Әдебиеттану ғылымына кіріспе»

Печать

2015  жылдың  3 қарашада күні ОҚМУ-нің 254 ауд. мәжіліс залы (бас ғимарат) Ақпарттық білім беру орталығы мен «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының ұйымдастыруымен ф.ғ.к., доцент Ақжол Қалшабектің «Әдебиеттану ғылымына кіріспе» атты кітабының  тұсаукесері өтті. Іс-шараның мақсаты: оқырмандарға  жаңа шыққан кітаптарды таныстыру, насихаттау және жастарды қазақ әдебиетіне қызығушылықтарын арттыру. АБО сектор меңгерушісі Х.Шамбулова кітаптың авторы А.Қалшабектің өмірі және еңбек жолымен таныстырды. Кітап тұсаукесеріне ҚР мемлекеттік сыйлық иегері ф.ғ.д., профессор Мекемтас Мырзахметұлы, жазушы Момбек Әбдәкімұлы, «Фолиант» баспасының өкілі А.Абдрахманова, Филология факультетінің  деканы ф.ғ.д., профессор Б.Тілеубердиев, ф.ғ.к., доценттері:  Н.Нурпейсов, Т.Қалдыбаев, Б.Бекетов, С.Оразалиев, Қ.Оразбаев және студенттер қатысты. Қатысушылар кітап туралы пікірлерін ортаға салып, авторға алдағы уақытта  шығармашылық табыс тіледі.  Фи-14-1к тобының студенті Әзімхан Исабек кітаптан үзінді оқыды. Соңында автор  қатысқандарға  алғысын білдіріп , кітаптарын сыйға тартты.

 

«Қазақ тарихын зерделеген ұлы жазушы»

Печать

2015  жылдың  15 қазан күні  «Бір ел – бір кітап» акция аясында таңдалған   қазақтың танымал жазушысы Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясын талдауға «Филология факультетінің студенттері және кітапхана қызметкерлері қатысты. «Көшпенділер» трилогиясы және тарихи дерек» тақырыбында «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедарасының ф.ғ.к., доцент Ақжол Қалшабеков баяндама жасады. Қазақтың танымал жазушысы Ілияс Есенберлиннің шығармашылығы  туралы презентацияны  АБО сектор меңгерушісі Х. Шамбулова  жасады. Бейбітбек Ақбота жазушыға арнау оқыды. Оқырмандар конференциясында  трилогияның мазмұнын ашатын арнайы дайындалған сұрақтар бойынша студенттер: Ахмед Бекзат, Қалан Алтынай, Исабек Әзімхан өз пікірлерін ортаға салып, ойларымен бөлісті. Іс-шараға арнайы қойылған «Есенберлин мұрасы» атты кітап көрмесі оқырмандарға таныстырылып, кеңінен насихатталды.

«ҚАҺАРМАН ҰРПАҚҚА ТАҒЗЫМ»

Печать

      2015 жылдың мамыр айының 6 жұлдызында   №8 ғимаратта  орналасқан  Гуманитарлық  мамандықтарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Ж. Ережепова мен техникалық оқу залдарының сектор  меңгерушісі Б.Жумабаеваның  ұйымдастыруымен  №5 оқу залында , «Қазақ тілі және әдебиеті» кафедрасының меңгерушісі ф.ғ.к.  Н.Омаров, Филология  факультетінің студенттік деканы Б.Ахмет,  «Жас Отан» ЖҚ атқарушы хатшысы  Т.Есжан, АТжЭ жоғары мектебінің студенттік  деканы Әбдікәрім Бегайдар, ФИ-13-1К1, ФИ-13-1К2, ФИ-13-2Р,  ИП-14-7к1, ИП-14-6к2 , ХИжБ жоғары мектебінің  ММГ-12-9к топтарының  қатысуымен Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына арналған  «ҚАҺАРМАН ҰРПАҚҚА ТАҒЗЫМ» атты әдеби-музыкалық кеш өтті. Ұлы Отан соғысындағы  ерлердің ерліктері жайлы, даңқты қолбасшы Б. Момышұлы,  Қаһарман қазақ қыздары, Кеңес Одағының Батырлары  М.Мәметова, Ә.Молдағұлова және басқа да соғыс ардагерлері жайлы әңгіме қозғалып,  жастарды Отан сүйгіштікке, ержүректікке тәрбиелейтін, бойларында  патриоттық  сезімдерін оятатын мағыналы өсиеттер айтылды.  

Мұхтар Әуезов

Есепшілер

Яндекс.Метрика