Кітапханадан алынған барлық оқу әдебиеттерін 1– ші шілдеге дейін
өткізу қажет.
Кітапханамен есептеспеген жағдайда әдебиеттер келесі оқу жылында БЕРІЛМЕЙДІ.
АБО әкімшілігі
Ғылым және білім беру үрдісін әдебиетпен қамтамасыз ету үшін, ОІ және АТ жөніндегі проректор Қ.С.Байболовтың кітапхана қорын қалыптастыру және сақтау туралы Өкімі бойынша, оқырман қарызын жойғандығы туралы анықтама алмаған студенттерге, деканаттан айналма парағы берілмейді.
Айналма парағына абонементтерде қол қойылады:
- ЭФ, ЮМ, ХТ, СМ, ЖТ, ИП, ММГ студенттері үшін (Тауке-хан даң.5, бас ғимарат, 1қабат) оқу әдебиеттер абонементі;
- АП студенттері үшін (Дулати көш., 9 ғимарат, 1 қабат) оқу әдебиеттер абонементі және бас ғимараттың 1 қабатында;
- ФК, ЕП студенттері үшін (Байтурсынова көш. 7 ғимарат) оқу әдебиеттер абонементі;
- ПИК, ФИ студенттері үшін (Ватутина көш. 8 ғимарат, 114 каб.) оқу әдебиеттер абонементі.
АБО әкімшілігі
Сіздерге, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің кітапханасы қорына «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында шығарылған философия, әлеуметтану, психология, экономика, менеджмент, кәсіпкерлік, дінтану, лингвистика, антропология, инновация, медиа бағыттары бойынша басылып шыққан кітаптардың түскенін хабарлаймыз. Қазақ тіліне аударылған гуманитарлық ғылымдар бағытындағы бұл оқулықтар алдыңғы қатарлы әлем университеттерінің оқу жоспарларына енген және Қазақстанның әрбір азаматына қол жетімді.
Кітаптарды Ақпараттық білім беру орталығының барлық оқу залдарынан, абонементтерінен және кітапхана сайтынан алуға болады.https://100kitap.kz/