М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Ақпараттық білім беру орталығы «Заңтану» мамандығы бойынша 1 курс студенттерімен бірге Халықаралық ғылыми әдебиеттердің толық мәтінді дерекетер қоры IPR SMART - корының қолжетімділігін пайдалану мақсатында және RFIT автоматтандырлған кітапхана жүйесімен жұмыс жасау қызметтермен толықтай танысу жұмыстарын жасауды үйреніп сол деректер қорына тіркелу, қолдану мүмкіндіктерін толықтай меңгерді. IPR SMART электрондык, кітапхана жүйесі окыту мен оку процесін ұйымдастыруға кажетті окулықтар мен ғылыми басылымдарға қолжетімділікті камтамасыз ететін сапалы білім берудің, кең ауқымды манызды ресурсы болып табылады.
Құрметті студенттер!
Сіздерді Ақпараттық білім беру орталығы 2024 жылы 18 -19 қыркүйек күнідері кітапханадағы қолжетімді электронды ресурстары туралы мәліметтер беріліп «IPR MEDIA» электрондық базаға тіркелуге шакырады.
Өтетін орны : «бас» ғимарат, 2 қабат, бас оқу залы
Білім мен ғылымның қарашаңырағы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Ақпараттық білім беру орталығында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» тақырыбындағы Қазақстан халқына жолдаған кезекті Жолдауын таныстыру мақсатында заң факультетінің студенттерімен дөңгелек үстел болып өтті. Үстел басында «Қазақстан тарихы» кафедрасының т.ғ.к., доцент Г.С.Тілеуқұлов, «Заң» факультетінің «Тәрбие ісі және әлеуметтік мәселелер бойынша» декан орынбасары Қ.Т.Бименов, АББО директоры И.Қ.Саурбаева, сектор меңгерушісі Б.А.Жумабаева жиналған жастарға Жолдаудың 9 тарауына тоқталып, сөз соңында Қ.Тоқаевтың әр адамға және баршаға бірдей мүмкіндік беретін мемлекетті, яғни Әділетті Қазақстанды болашақ ұрпаққа аманат ету – баршамызға ортақ міндет деген сөзімен қортындылады.