Көпшілік іс-шаралар

«Махаббат мен сені аялап өтемін» атты әдеби-сазды кеші

Печать

      2014 жылдың  10 сәуір күні  Ақпараттық білім беру орталығының  Бас оқу залында  15 сәуір - Қозы Көрпеш-Баян Сұлу күніне орай «Махаббат мен сені аялап өтемін»  атты әдеби-сазды кеші «Экономика және қаржы» факультеті мен «Жас Ақындар» клубының ұйымдастыруымен өткізілді. Кештің басты мақсаты – жастардың бойында шы­найы, таза махаббаттың қалыптасуына ықпал етіп, жастар  арасында қазақтың ғашықтық эпостарын, салт-дәстүрін  өнерін кеңінен насихаттау. Мерекелік кешті «Экономика және қаржы»  факультетінің деканы М.Сейдахметов, декан орынбасары Ж. Изтаев құттықтау сөзімен ашып берді. Мерекелік кеште Жұмабай Гүлшірін, Сахан Алдияр, Есжан Талған, Алишер Әлімжан махаббат туралы шығарған жырларын оқыса, Сағыныш Ибрагим, Смайлова Айгерім әннен шашу шашты. Ал Иманәлі Шамғон, Аштан Мадина, Әлсейіт Оңласын, Джамалов Асылбек, Сауыт Құралай, Әкім Жолдастар кештің қызықты өтуіне атсалысты. «Жастар орталығының» бас маманы Абылай Әбдікәрім  қорытындылап ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

АБО сектор меңгерушіслері Х.Шамбулова, Б.Жұмабаева студенттерді алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапаттады.

 

«Салауатты ұрпақ – ұлт байлығы» атты дөңгелек үстелі

Печать

      2014 жылдың 3 сәуірде Ақпараттық білім беру орталығының №9 оқу залында «Экология.Адам.Қоғам.» атты дөңгелек үстелі  Агроөнеркәсіп факультетінің  оқытушылары мен студенттерінің қатысуымен өтті. Дөңгелек үстел басында  АП факультетінің декан орынбасары И. Тұтқышбай, «Агротехнология» кафедрасының аға оқытушысы А.Қашқаров, «Су ресурстары және суды қолдану» кафедрасының аға оқытушысы Нұржан Ермахандар  қоршаған ортаның мәселелеріне тоқталды. АП-12-4к1 тобының студенттері: Қырбасова Шолпан, Әбенова Әйгерім, Кенжебаева Азиза, Анарметова Ирода  көтеріліп отыр­­ған тақырып төңірегінде баяндама­лар жасады. АБО сектор меңгерушісі Х.Шамбулова экологиялық үгіт-насихат жүргізе отырып, жастарды  қоршаған ортаны қорғауға шақырды.

«Салауатты ұрпақ – ұлт байлығы» атты дөңгелек үстелі

Печать

        2014 жылдың 28 наурызында М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың Ақпараттық білім беру орталығының №4 оқу залында  7 сәуір - Дүниежүзілік денсаулық күніне орай «Салауатты ұрпақ – ұлт байлығы» атты дөңгелек үстелі  «Дене тәрбиесі және спорт» факультетінің оқытушылары мен студенттерінің қатысуымен өтті.
      Жиынды АБО бөлім меңгерушісі Ж.Ережепова ашып берді. «Дене тәрбиесі және спорт» факультетінің аға тәлімгері Зауытбеков Қалаубек алғы сөз алып, өз сөзінде, Қазақстанның әрбір азаматы өз денсаулығына деген жеке жауапкершілігін арттырып, салауаттылыққа бір жолата бет бұру керектігін атап көрсетті. ФК-13-6к2 тобының студенттері Жарылқасымова Гулмира, Жұмабайқызы Гүлнұр, ФК-13- 4к3 тобының студенті Шамихан Мерей өз ойларын ортаға салып, болашақ ұрпақтың сақталуына келеңсіз жағдайлардан әр уақытта аулақ болу керектігін атап көрсетті. АБО сектор меңгерушісі Шамбулова Халида қортынды сөзінде, осындай іс-шараларды студенттер арасында жиі ұйымдастырып, жастарды салауатты өмірге  бағыттап, спортпен шұғылдануға үгіттей отырып, өмірде өз орнын адаспай табу керектігін айтып өттіп, қатысушыларға алғысын білдірді.  №4 оқу залының кітапханашысы Бөлет Гүлзада «Салауатты ұрпақ - ұлт байлығы» атты кітап көрмесін ұйымдастырып, шолу жасады. Студенттер  кітап көрмесімен танысып, толық мағлұматтар  алып жатты.

«Наурыз - Ұлыстың ұлы күні»

Печать

      2014 жылдың 19 наурызында Ақпараттық білім беру орталығының бас ғимараттың оқу залында  Наурыз күніне арналған  «Наурыз - Ұлыстың ұлы күні»  атты әдеби-сазды кешті Бас оқу залы мен №2 оқу залы, «Заңтану және халықаралық қатынастар» факультетінің  ұйымдастыруымен өткізілді. Мерекелік кешке «Мәдени-тынығу жұмысы» кафедрасының п.ғ.д., профессоры Есенәлі Омар, «Ақпараттық технологиялар» факультетінің декан орынбасары Е.М. Утебаев, Тәрбие ісі және жастар саясаты департаментінің бас маманы Г.Орынбекова, «Заңтану және халықаралық қатынастар» факультетінің аға тәлімгері Ж.Ибраев, ЮМ,ЭФ,СМ, ИП,ММГ факультеттерінің студенттері қатысты.  Мерекелік кеш барысында  Ж.Жаппар, Л.Медетова, Ж.Алмаз, А.Сахан, Э.Болат, А.Қалыбеков, А.Ерланова, Д.Сембекова салған әндері мен  күйі, билеген  билері көпшіліктің көңілінен шықты. Ұлтық ойындар ойналып,  көрермендер  сайысқа  түсті. АБО сектор меңреушілері  Х.Шамбулова, Б.Жұмабаева белсенді қатысқан студенттерге мақтау қағаздары мен бағалы сыйлықтар тапсырды. Мерекелік кешке арнайы «Наурыз- Ұлыстың ұлы күні» атты кітап көрмесі көпшіліктің назарына ұсынылды.

«Жауһар жырды жүрегінде тербеген»

Печать

        2014 жылы 3 ақпанда Ақпараттық білім беру орталығының №5 оқу залында    қазақтың көрнекті  ақыны Фариза Оңғарсынованың 75 жасқа толуына орай «Жауһар жырды жүрегінде тербеген»  атты әдеби-сазды кеші «Жас Ақындар»  клубының ұйымдастыруымен өтті.  
   Кешке белгілі айтыскер ақын Карима Оралова, «Қазақ әдебиеті» кафедрасының меңгерушісі Қ.Оразбаев, АБО кітапханашылары,  «Филология» факультетінің студенттері  қатысты.  Аталған  іс-шараны факультеттің белсенді студенттері Г.Жұмабай, Қ.Жолдасбек жүргізіп, жас ақындар Ә.Алімжан, М.Кенжетайұлы поэзия падишасы Фаризаға арнау өлеңдерін оқыды.
    Ф.Оңғарсынова  лирикасы – қазақ әдебиеті майданындағы ұшан теңіз дүние.  Ақынның  мезгілсіз өмірден өтуі  бүкіл қазақ халқын тебірентті. Кеш барысында «Ғибратты ғұмыр» атты  арнайы дайындалған кітап көрмесі көрермендердің назарына ұсынылды.

Мұхтар Әуезов

Есепшілер

Яндекс.Метрика