БД – «Электронный архив» - полнотекстовая база данных учебной литературы на казахском, русском, английском языках    Комиссия по правам человека при президенте РК ELIBRARY.RU - ЭЛЕКТРОННАЯ БИБЛИОТЕКА База данных arXiv.org — крупнейший бесплатный архив электронных публикаций научных статей и их препринтов по физике, математике, астрономии, информатике и биологии Электронная библиотека статей 300 популярных журналов и газет на английском языке (1998-2003 гг.)  Казахстанская открытая библиотека Казахстанская Национальная электронная библиотека       

Ұлыстың ұлы күні– Наурызмерекесі баршамызға құтты болсын,бақыт әкелсін!

Сіздерді ғасырлар қойнауынан бастау алып елімізде ұдайы мерекеленетін Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!
Қасиетті бабаларымыздың ақ батасы мен өнегелі дәстүр куәгері осы көктем мейрамы Сіздердің шаңырақтарыңызға жақсылық қуаныш,ырыс әкелсін!

                                         

2018 жылдың 15 ақпанында, сағат 12:00-де Оңтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайында (Шымкент қ.) «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі кешен көрмесі өз жұмысын бастайды. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының ұйымдастыруымен жүзеге асырылатын жоба аясында халықаралық ғылыми конференция, аймақтық кәсіби сессия, шолу және тақырыптық экскурсиялар және Қожа Ахмет Яссауи атындағы ХҚТУ (Түркістан қ.) негізінде көшпелі экскурсиялар іспетті бір қатар іс-шаралар өтеді.

Көшпелі жоба алғаш рет 2017 жылдың қарашасында Алматы қаласында ұсынылған болатын. Жоба қатысушылары мен көрме келушілерінің саны 75 мыңнан астам Алматы және Алматы облысы тұрғындарын қамтыған.

Шымкент қаласында жоба облыстық тарихи-өлкетану мұражайындағы Елбасы кітапханасының жинақтарынан жасақталған «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» қор көрмесінің ашылу салтанатынан басталады.

Көрменің негізгі мақсаты – Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың тәуелсіз Қазақстан қалыптасуындағы шешуші рөлін жан-жақты көрсету. Келушілердің назарына Елбасы кітапханасының архив, кітап, музей қорларынан алынған материалдар ұсынылады. Олардың қатарына Елбасының жоғары мемлекеттік марапаттары, мемлекет басшылары мен отандық авторлардың қолтаңбасы бар кітаптар, сондай-ақ Мемлекет басшының шет тілді еңбектері кіреді. Көрме «Елбасы қызметінің хроникасы» интерактивті бөлімінен, цифрлық фото альбомдар, деректік кинохрониканы көруге арналған видеозона секілді бірнеше блоктан құралған. Келушілер «Елбасы кітапханасы» таныстыру көрмесімен таныса алады.

Жоба аясында, «Көрме» кешенінде 15:00-де ғалымдарға, мектеп оқытушыларына, кітапхана, архив, музей қызметкерлеріне арналған «Елбасы кітапханасының ақпараттық ресурстары» аймақтық кәсіби сессиясы өтеді.

Елбасы кітапханасы көшпелі жобасының Оңтүстік Қазақстан облысындағы тұсаукесеріне орай, сағат 18:00-де «Түркістан» концерт залында ҚР Мемлекеттік күзет қызметі Президенттік оркестрінің концерті өтеді.

16 ақпан күні, сағат 10:00-де М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде сарапшылар мен талдаушылардың, түрлі мемлекет ғалымдарының, профессорлар мен мұғалімдердің, сондай-ақ шетелдік және отандық жоғарғы оқу орындары студенттерінің қатысуымен «Н.Назарбаев феномені: саяси ұстанымдар мен бастамалар» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы, сондай-ақ «Әлем таныған Елбасы» кітап көрмесінің ашылу рәсімі өтеді.

Сағат 16:00-де Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде (Түркістан қ.) «Тарихи таңдау» көшпелі экскурсиялары жүргізіледі.

Көрменің барлық жұмыс күнінде Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындары мен қонақтары шолу және тақырыптық экскурсияларға қатысып, қор көрмелерімен таныса алады. Олардың назарына Елбасы кітапханасы қызметінің негізгі бағыттары да ұсынылады.

Елбасы кітапханасының жобасы Шымкент қаласы мен Оңтүстік Қазақстан облысының қалың жұртына арналады.

«Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көрмесі 2018 жылдың мамыр айына дейін жалғасады.

Мұхтар Әуезов

Есепшілер

Яндекс.Метрика