Жаңа оқу жылында абонементтен ТІРКЕУДЕН өтпеген оқырмандарға қызмет көрсетілмейді
Оқырманның мекен –жайы, тегі, жұмыс орны және оқитын жері - өзгерген жағдайда 10 күн ішінде кітапханаға ескерту қажет
Оқырман кітапхана кітабын жоғалтқан және қайтармаған жағдайда, кітапхана таңдаған кітаппен төленуі тиіс.
( ҚР Мәдениет туралы заң, 24 бап Кітапхана ісі )
Қажетті кітаптарды алу үшін, сіздерді Ақпараттық білім беру орталығына (кітапхана) шақырамыз.
Күндізгі және кешкі бөлімдерде оқитын 1 курс студенттерін кітапханаға тіркеу бас ғимараттың абонементінде сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін.
Кітапханаға жазылу үшін жеке куәлік, студенттік билет, 2 дана 3х4 фотосурет қажет.
Кітапханаға жазылып және оқырман билетін алу :
- ЭФ, ЮМ, ХТ, СМ, ЖТ, ИП студенттері үшін оқу абонементінде ( Бас ғимарат, 1 этаж,Тауке-хана 5)
- АП студентері үшін оқу абонементтері (9 ғимарат,Дулати Х. б\н,1 этаж).
Кеңес алу үшін 1 курс студенттерінің старосталары бас ғимараттағы абонементке келсін.
Сіздерді Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймыз!
1 қыркүйек - әр адамның жүрегінде жақсы естелік қалдыратын, жарық та, жылы сезімдерге толы ерекше күн. Әр адам үшін 1 қыркүйек жаңа білім, жаңа табыс, жаңа жетістіктерге жету бастамасы. Қымбатты оқырмандар! Сіздерге жаңа оқу жылында сапалы білім алып, жоғары бағаларға ие болып, табысты болуларыңызға тілектеспіз.