25 қазан - Қазақстан Республикасы күніне «Ұлттық мереке – ұлы күн» атты кітап көрмесі.
Бұл күні біз Қазақстанның тәуелсіздік тарихының басталғанын ерекше мақтанышпен түсінеміз. Осыған байланысты М.Әуезов атындағы ОҚУ- нің Ақпараттық білім беру орталығында Қазақстан Республикасы күніне арналған "Ұлттық мереке – ұлы күн" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды . Кітап көрмесінде мемлекет және құқық тарихы, Қазақстанның құқықтық және демократиялық мемлекет ретінде қалыптасуы туралы әдебиеттер, сондай-ақ мемлекеттің қалыптасуының әртүрлі кезеңдеріне сәйкес келетін, ел егемендігі тарихының маңызды сәттері туралы баяндайтын және өткеніміздің жарқын жақтарын бейнелейтін материалдар ұсынылды . Көрменің мақсаты – Тәуелсіздік алғаннан кейін Егемен Қазақстанның қалыптасу тарихымен таныстыру, сондай-ақ елдің қоғамдық-саяси, экономикалық және рухани өміріндегі оң өзгерістерді насихаттау, қоғамға жоғары жауапкершілік пен патриотизмді, Қазақстан азаматтарының бірлігін көрсету. Көрмеге біздің университеттің профессорлары, ғылым кандидаттары мен студенттері қатысты.
2024 жыл 29 қазан күні қазақ әдебиетінің «Үш бәйтерегі» Ілияс Жансүгіровтің, Сәкен Сейфуллиннің, Бейімбет Майлиннің туғанына-130 жыл толуына орай өтетін әдеби-сазды кешке шақырамыз
Өтетін орны: Бас ғимарат, Акт залы, 3 қабат
Өтетін уақыты: 29 қазан, сағ.11.00