Бүгінде рухани өміріміздің өзегі іспеттес болған ғылымды көпшілік оқырманға және ғылым мен білімді, ұрпақтан - ұрпаққа жеткізуші кітап болса, киелі шаңырақ - кітапхана, рухани байлықты ғылым ізденушілер мен оқырманға таныстырып, табыстаушы тұлға – кітапханашы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 18 қазан № 833 қаулысымен «24 қазан- КІТАПХАНАШЫЛАР күні» болып бекітілген. Осы мерекеге орайАқпараттық білім беру орталығының ұжымы кітапхана мамандығының ардагерлерін, Шымкент қаласындағы ірі кітапханалар мен ЖОО кітапханаларының басшыларын және Тарих және педагогика факультетінің «Жалпы тарих және музей ісі» кафедрасының Кітапхана ісі бағытындағы кафедра студенттерімен іс-шара өтті.
Іс-шараға С.М.Бекова бастаған бірнеше кітапхана ісінің ардагерлері, әл-Фараби атындағы Шымкент қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры, филология ғылымдарының кандидаты А.А.Жаппарқұлова, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы ғылыми кітапханасының директоры Р.И.Дарбичева, Ж.А.Ташенов атындағы университеті Гуманитарлық ғылымдар кафедрасының аға оқытушысы Р.С.Тукенова, болашақ мамандық иелеріне «кітапханашы мамандығының» қоғамдағы рөлінің маңыздылығын айта отырып, білім беру мен ғылымдағы алатын орнына баса көңіл бөлді. Бүгінде цифрлық технология мен жасанды интеллект дамып тұрған уақытта, мамандық иелеріне білімді жетілдіру мен кемелдендіру өзекті мәселе екендігіне назар аударды.
Іс-шара барысында ардагерлерге Басқарма төрағасы-ректор Д.Ж.Ахмед-Закидің атынан Алғыс хаттар, университет кәсіподағынан гүл шоқтары мен сыйлықтар берілді. Кітапхана ісі білім беру бағдарламасының студенттері мерекеге орай концерттік бағдарлама ұйымдастырды. Ақпараттық білім беру орталығының директоры И.К.Саурбаева іс-шараның өтуіне атсалысқан студенттерге және қызметкерлерге алғыс білдірді.


М.Әуезов атындағы ОҚУ-да Ақпараттық білім беру орталығының ұйымдастыруымен қазақ халқының ұлы ғалымы, этнограф, саяхатшы, тарихшы Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың 190 жылдығына арналған «Шоқан – Шығыстың сәулесі» атты танымдық семинар өтті.
Семинар барысында Шоқан Уәлихановтың өмірі мен ғылыми мұрасы кеңінен талқыланды. Ғалымның қазақ ғылымына, мәдениетіне және тарихына қосқан өлшеусіз үлесі тағы бір мәрте сараланды.
«Қазақстан тарихы» кафедрасының аға оқытушысы Қабыл Алғабек «Ш.Уәлихановтың өмірі мен қызметі» тақырыбында, доцент, т.ғ.к. Сәрсебай Карибаев «Шоқан Уәлихановтың қалыптасу ортасы және ғылыми еңбектері» тақырыбында мазмұнды баяндама жасады.
Іс-шара барысында белсенді студенттер Шоқанға арналған жүрекжарды өлеңдерін оқып, шараның рухани мазмұнын арттырды. Сонымен қатар, Ақпараттық білім беру орталығы Шоқан Уәлихановтың еңбектерінен құралған арнайы кітап көрмесін ұсынды.
Бұл танымдық семинар – өткеннің өнегесі арқылы болашаққа бағдар беретін игі бастама болды.






























