БД – «Электронный архив» - полнотекстовая база данных учебной литературы на казахском, русском, английском языках    Комиссия по правам человека при президенте РК ELIBRARY.RU - ЭЛЕКТРОННАЯ БИБЛИОТЕКА База данных arXiv.org — крупнейший бесплатный архив электронных публикаций научных статей и их препринтов по физике, математике, астрономии, информатике и биологии Электронная библиотека статей 300 популярных журналов и газет на английском языке (1998-2003 гг.)  Казахстанская открытая библиотека Казахстанская Национальная электронная библиотека       
 Сіздерді  жыл мезгілінің ең көрікті де қуанышты мезгілі көктемнің алғашқы мерекесі – 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Отбасыларыңыз бен өздеріңізге амандық, дендеріңізге саулық, ұзақ әрі шаттыққа толы ғұмыр, шаңырақтарыңызға құт-береке тілейміз.
Еңбекте табыстарға жетіп, үлкен биiктерден көрiнулерiңiзге шын жүректен тілектеспін.
 
 
 

Заманымыздың заңғар жазушысы М.Әуезовтің сөзімен айтқанда: «Кітап – әр адамның өмірлік досы». Кітап – біздің рухани құндылығымыз, теңдессіз байлығымыз. Кітап пен кітапхананың тіршілігіне жан беретін, ұлттық құндылықтар мен оқырмандар арасын жалғастырушы–кітапханашылар. М.Әуезовтің туылғанына 125 жыл толуына орай Ақпараттық білім беру орталығы қызметкерлері арасында «Үздік кітапханашы-2022» байқауы өтті. Байқаудың мақсаты: заман талабына сай кәсіби біліктілігін арттыру, креативті және жаңашыл кітапханашыларды айқындау.

Байқауда әділдік пен шындықты арқа тұтқан, қазылар алқасы: Академиялық  мәселелер жөніндегі проректоры- Р.Ж.Абишева,  философия ғылымдарының кандидаты доцент,  А.А.Жиенбекова, АББО директоры- И.Қ. Саурбаева, АББО директор орынбасары- Г.Қ.Мыңбаева, АББО сектор меңгерушісі- Б.Ә.Жұмабаева кітапты өзіне сенімді дос еткен  байқауға қатысқан кітапханашыларымыздың кәсіби шеберлігі мен біліктілігін, шығармашылық дарынын бағалап, жеңімпаздарымызды марапаттады. Бас жүлде «Үздік кітапханашы-2022» жеңімпазы техникалық мамандықтарға арналған №2 оқу залының қызметкері –А.Арыстанова. Кітап қорын қалыптастыру бөлімінің қызметкері- Г.Булетова «Білікті маман», «Көшбасшы маман» номинацияларын, құжаттарды жүйелеу және ғылыми өңдеу бөлімінің қызметкері- Т.Джанбулатова «Кітапханашы-инноватор»  номинациясын, жаңа технология және электронды ресурстар бөлімінің қызметкері – А.Имамадиева «Креативті-кітапханашы»  номинациясын, №2 жатақхана қызметкері  Т.Тазабек «Зияткер кітапханашы» және «Ең үздік инсталляциялық көрме» номинацияларын иеленді.

 
 
 

14 желтоқсан күні АББО мен «Сәулет құрылыс  және  көлік» факультетінің  ұйымдастырылуымен тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік таңы –мәңгілік» атты әдеби-сазды кеш өтті.

Кешімізді құттықтау сөзімен аталған факультеттің деканы,т.ғ.к,доцент  Қ.Е.Иманалиев  ашты.Кеш қонақтары желтоқсан оқиғасының күәгерлері  «Демократия институттарын дамыту орталығы» қоғамдық бірлестік директоры Сейтімбек Жарқынбек және ОҚО «Ақиқат-1»қоғамдық бірлестігінің  төрағасы,қоғам қайраткері,ҚР-нің мұнай-газ саласының еңбек сіңірген қызметкері,журналист,жазушы Байжанов Ілесбек қатысушы жастарға сол 1986 жылғы көтерілістегі оқиғалар жайлы баяндап,бүгінгі күні алға қойған мақсат білім,ғылым,елге деген құрмет,отанға деген сүйіспеншілік болуы қажет екенін айтып өтті. Қазақстанның тәуелсіздігі жайлы АББО қызметкері  А.Д.Арыстанова баяндама жасап, сазды кеште белсенді студенттер  желтоқсан оқиғасына қатысты көрініс көрсетіп, өлеңдер оқып, ән айтты. АББО директоры И.Қ.Сауырбаева  кеш қонақтарына ыстық лебізін білдіріп, студенттерді  марапаттады.

 

 

 

Мұхтар Әуезов

Есепшілер

Яндекс.Метрика