БД – «Электронный архив» - полнотекстовая база данных учебной литературы на казахском, русском, английском языках    Комиссия по правам человека при президенте РК ELIBRARY.RU - ЭЛЕКТРОННАЯ БИБЛИОТЕКА База данных arXiv.org — крупнейший бесплатный архив электронных публикаций научных статей и их препринтов по физике, математике, астрономии, информатике и биологии Электронная библиотека статей 300 популярных журналов и газет на английском языке (1998-2003 гг.)  Казахстанская открытая библиотека Казахстанская Национальная электронная библиотека       

18.11.2022ж. М.Әуезов  атындағы ОҚУ Ақпараттық білім беру орталығы 2022-2023 оқу жылындағы кафедралар референттеріне арналған «Референт күні» атты семинар ұйымдастырды. Университеттегі оқу және ғылыми үрдіс барысында кафедра референтінің атқаратын рөлі маңызды.

АББО ресурстарымен сонымен қатар жаңадан келіп түскен әдебиеттермен ақпараттық ресурстарға жылдам қол жеткізу үшін кафедралар мен кітапхананың электрондық байланысы, жаңа әдебиеттерге өтінімдерді тіркеу, пәндерді кітаппен қамтамасыз ету көрсеткіштері барысын  талдау жаңа пәндерді кітаппен  қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілген жағдайда кафедрада оқу және ғылыми үрдіс жоғары деңгейде  жүретіні анық.

 Академиялық мәселелер бойынша  проректоры Р.Абишева, АББО директоры  И.Саурбаева референттермен өз ойларымен бөлісіп, құттықтады. Сектор меңгерушілері:  Г. Болетова, М. Иманкулова, В. Панкратова өз жұмыстары туралы мәлімет берді. Жаңа технология және электрондық ресурстар бөлімінің қызметкері И. Спатаев кітапхана сайтын http://www.lib.ukgu.kz/ пайдалануды, отандық және шетелдік  базалардан ақпараттар мен мәліметтер алу жолдарын түсіндіріп өтті. Кітапханаға қарыз оқырмандар туралы оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Б. Кулданбаева ақпарат бере отырып кітап оқуға шақырды.

 

 

 

 

Құрметті кафедра референттері! 

Cіздерді  2022 жылы  қараша 18 жұлдызында сағат 10.00-де өтетін

 «Референттер күні» семинарына қатысуға шақырамыз.

БАҒДАРЛАМА

 

Өтетін орны :

бас ғимарат 2 этаж, 224 каб.

 

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті Ақпараттық білім беру орталығының  ұйымдастыруымен «Мұхтартану ғылыми-зерттеу орталығында» 9 қараша күні оқырман конференциясы болып өтті.   Бұл жиынға  ф.ғ.к., доцент, «Мұхтартану» ғылыми-зерттеу  орталығының аға ғылыми  қызметкері А.Б.Қалшабек, «Сәулет, құрылыс және көлік» факультетінің деканы, т.ғ.к, доцент Қ.Е.Иманалиев, аталмыш факультеттің «Тәрбие жұмыстары жөніндегі» декан орынбасары З.М.Керімбекова, гуманитарлық ғылымдар магистрі, «Мұхтартану» ғылыми-зерттеу орталығының бас маманы Ә.Ү.Исабек, Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапхана директоры А.А.Жаппарқұлова, Абай атындағы  Шымкент қаласының орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің директоры  Н.С.Жұманова, «Заң» факультетінің «Тәрбие ісі және әлеуметтік мәселелер  бойынша» декан орынбасары Қ.Т.Бименов, АББО директоры И.Қ.Саурбаева, «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының оқытушысы О.М.Ағабеков,  филология факультетінің түлегі Ш.Иса қатысып, Мұхтар Омарханұлының өмір дерегі мен шығармашылығына қатысты баяндамалар жасап, өзекті пікірлерімен бөлісті. 

Конференцияда «Мұхтартану» орталығының ғалымдары шығарған «М. Әуезовтің Оңтүстікке сапары» атты кітабының таныстырылымы болып өтті. Сондай-ақ бұл басқосуда оқу орнымыздың студенттері өз өнерлерін ортаға салды. Атап айтқанда, ИП-21-3к2, ИП-21-3к1, ИП-21-3тк, ФИ-22-5к1, СМ-22-1к1, АП-22-6к4 топтарының студенттері А. Құнанбайұлының өлеңдерін нақышына келтіре орындап, күй де тартты. Филология факультетінің ФИ-22-5к1 тобы «Абай жолы» роман-эпопеясынан сахналандырылған көрініс құрып, жиналған көпшілікті тәнті етті.

Конференция соңында АББО директоры И.Қ.Саурбаева қорытынды сөз сөйлеп, өнерлі студенттерді алғыс хатпен марапаттады.

  

Мұхтар Әуезов

Есепшілер

Яндекс.Метрика