БД – «Электронный архив» - полнотекстовая база данных учебной литературы на казахском, русском, английском языках    Комиссия по правам человека при президенте РК ELIBRARY.RU - ЭЛЕКТРОННАЯ БИБЛИОТЕКА База данных arXiv.org — крупнейший бесплатный архив электронных публикаций научных статей и их препринтов по физике, математике, астрономии, информатике и биологии Электронная библиотека статей 300 популярных журналов и газет на английском языке (1998-2003 гг.)  Казахстанская открытая библиотека Казахстанская Национальная электронная библиотека       
2023 жыл 16 наурыз күні «Наурыз берекем, наурыз мерекем» атты Ақпараттық білім беру орталығында  әдеби-сазды кеш өтті. Қазақ халқы салт-дәстүрге өте бай ел. Салтымызды қадірлеп, дәріптеп кешке атсалысқан қатысушылар мен  СМ, ИП, ФИ, ХТ, Мәдениет және өнер факультеттерінің
 студенттері  құрсақ шашу, тұсау кесер  дәстүрлерін нақышына  келтіріп көрініс көрсетіп,  халықтың  дәстүрлі ән-жырымен  шашу шашты, соңында АББО директоры И.Сауырбаева келген қонақтар мен қатысушы студенттерге алғыс білдірді.

2023 жылы 14 наурыз күні «Ақпараттық-кітапханалық кеңістік: корпоративтік және жеке даму жолы» атты семинар-тренинг өтті.  Ресей федерациясынан келген Токмаков Вячеслав Викторович  "Болашақ кітапханасы" Ұлттық кітапхана қауымдастығының Вице-президенті (ҰҚБК), ООО «ЭйВиДи систем» директоры автоматтандырылған интегралды кітапханалық-ақпараттық бағдарлама "Ирбис-64" жүйесінің құрылымы туралы, әрі қарай жүйе арқылы кітапханалық үрдістерді жүргізу әдістері мен тәсілдері жөнінде түсіндіріп, кітапханашылардың біліктілігін көтеріп кетті.

 

 

Қазақстан Республикасының заңнамалары мен нормативтік-құқықтық актілері бойынша ақпараттар жүйесін таныстыруға арналған семинар-тренинг  
2023 жыл 10 наурыз күні ҚР Әділет министрлігінің «ҚР заңнама және құқықтық ақпарат институты» Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры С.Ережеповтың, «Заң» факультетінің деканы К.Сарыкуловтың және АББО директоры И.Саурбаеваның басшылығымен  «Заң»  факультетінің студенттеріне «ZAN» деректер қорынан Қазақстан Республикасының заңнамалары мен нормативтік-құқықтық актілері бойынша ақпараттар жүйесін таныстыруға арналған семинар-тренинг  ұйымдастырылды.
ҚР Әділет министрлігінің «ҚР заңнама және құқықтық ақпарат институты» Шымкент қаласы бойынша филиалының бас маманы А.Тұяқбай «ZAN» деректер қоры ауқымды тұтынушыларға арналған база екендігін айтты және пайдалану жолдарын көрсетті.
 

Мұхтар Әуезов

Есепшілер

Яндекс.Метрика