"Жоғары оқу орындарының кітапханасын дамытудағы заманауи әлемдік трендтер" XI халықаралық конференция Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Ғылыми кітапханасында жыл сайынғы "Жоғары оқу орындарының кітапханасын дамытудағы заманауи әлемдік трендтер. Университеттің әлемдік ғылыми кеңістікке интеграциялануындағы академиялық кітапханалардың рөлі" атты XI халықаралық конференциясы 27-28 сәуір күндері өтті. Конференцияның ашылу салтанатында ҚР ғылым және жоғары білім министрлігінің комитет төрайымы Копенова Гульзат Ізбасарқызы бүгінгі кітапханаларға қойылып отырған талаптыңда жоғары екеніне баса назар аударды.Университеттің жеткен жетістіктерінде кітапхананың рөлі зор екенін атап өтті.
ҚР ғылым жане жоғары білім министрлігінің және Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары, кітапханалары қауымдастығының қолдауымен өткен бұл конференцияда қазіргі заманғы университеттік кітапханалар кызметінің өзекті бағыттары бойынша білім және практикалык, тәжірибе алмасып, академиялық кітапханаларды одан әрі дамыту үшін ұсыныстар әзірленді. Сессиялар, мастер-класстар барысында білім беруді, ғылымды кітапханалық-ақпараттық қамтамасыз ету динамикасына, кітапханаларды цифрландырудың басымдықтарына, ресурстар мен сервистерді цифрлық кеңістікке ендіруге қатысты мәселелер қаралды. • Конференция аясында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының кітапхана басшыларына кітапхана ісіне қатысты нормативтік- құқықтық құжаттар мен халықаралық стандарттар бойынша
семинар өтті.
Іс-шараға Қазақстанның 57 жоғары оқу орнынан 110-нан астам еліміздің жоғары оқу орындары кітапханаларының басшылары мен Ресей, Туркия, АҚШ, Сингапур, Швейцария, т.б. шетелдік университет кітапханаларынан әріптестер катысты.
Конференцияға оқу орнымыздың Ақпараттық білім беру орталығының директоры Саурбаева И. К. және кітапхананы дамыту бөлімінің бөлім меңгерушісі Утегулова Л. Ж қатысып тәжірибе алмасып, біліктілік деңгейілерін көтеріп, сертификат алды .
2023 жылдың 26 сәуір күні Ақпараттық білім беру орталығында 1-мамыр Қазақстан халықтары бірлігі күніне орай ұйымдастырылған «Бірлігі жарасқан Қазақстан» атты мерекелік әдеби-сазды кеш өтті.
Іс-шараны «Техникалық мамандықтар үшін орыс тілі» кафедрасының меңгерушісі Ж.С.Әуелбекова ашып берді. АББО қызметкері А.Д.Арыстанова өз баяндамасында түрлі ұлт пен дін өкілдерінің бір-біріне деген сый-құрметін арттыратын, татулықты, бірлікті, ортақ құндылықтарды насихаттайтын мереке 1 мамыр күнінің маңыздылығын атап өтті.
Іс-шара барысында «Сәулет, құрылыс және көлік» факультетінің 1 курс студенттеріне «Техникалық мамандықтар үшін орыс тілі» кафедрасының аға оқытушысы Г.А.Парменкулова әртүрлі ұлттың ән-би және аспаздық өнерлерін көрсететін қойылымдарға жетекшілік етті.
АББО директорының орынбасары Г.Қ.Мыңбаева достық пен ынтымақтастықта болуға бағытталған іс-шараның маңыздылығын атап өтті келген қонақтар мен қатысушы студенттерге алғыс білдірді.
2023 жылдың 19 сәуір күні М.Әуезов атындағы Ақпараттық білім беру орталығында «Ғылым күні» атты семинар өтті.
Іс-шараның модераторы болып,семинарды АББО директоры Сауырбаева И.К. ашты. Кітапхана қызметкерлері Ақпараттық білім беру орталығында университеттің магистранттары мен докторанттарына ғылыми жұмысқа көмектесу үшін көрсетілетін қызметтер туралы түсіндіріп өтті.
Докторант Қуандықова А.Е., «Мұхтартану» ғылыми-зерттеу орталығының магистрі және бас маманы Әзімхан Исабек Үсенұлы баяндама жасады