БД – «Электронный архив» - полнотекстовая база данных учебной литературы на казахском, русском, английском языках    Комиссия по правам человека при президенте РК ELIBRARY.RU - ЭЛЕКТРОННАЯ БИБЛИОТЕКА База данных arXiv.org — крупнейший бесплатный архив электронных публикаций научных статей и их препринтов по физике, математике, астрономии, информатике и биологии Электронная библиотека статей 300 популярных журналов и газет на английском языке (1998-2003 гг.)  Казахстанская открытая библиотека Казахстанская Национальная электронная библиотека       
Журналист Төлен Тілеубайдың «Цифрлық жолайырық: Қазақстан газеттерінің бүгіні мен ертеңі» атты  кітабы  таныстырылды.
 
Бүгін Ақпараттық білім беру орталығанда  Қазақстан Журналистер Одағының және «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі, журналист Төлен Тілеубайдың «Цифрлық жолайырық: Қазақстан газеттерінің бүгіні мен ертеңі» атты кітабы  таныстырылды. «Журналистика  және қазақ тілі» кафедрасының  кафедра меңгерушісі Тұрабаева Ләззат  Қалықұлқызы бастаған оқытушылар мен студенттер қатысқан кеште Төлен Тілеубай Ақпараттық білім беру орталына алғыс білдіре келе, орталыққа өз қолтаңбасымен аталған оқу құралын сыйға тартты.

«COWORKING» орталығы ашылды
Ақпараттық білім беру орталығының ұйымдастыруымен университет студенттерінің бірлесе жұмыс жүргізу үшін қолжетімді жұмыс кеңістігін қалыптастыру, шығармашылық және ғылым жолындағы жастардың басын қосу мақсатында түрлі іс-шараларды өткізуге арналған COWORKING орталығы ашылды.
ФИ, ХТ, СМ, ЭФ, АП мамандықтарының студенттері мен «Айқап» оқырмандар клубы жастарының  қатысуымен, орталықтың ашылу салтанатында ҚР жазушылар Одағының мүшесі, журналист, жазушы Сабырбек Олжабай мен М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің «Әлеуметтік және тәрбие жұмысы» жөніндегі проректор Ербол Сармурзин тұсауын кесті. 
Коворкинг орталығының  беташар іс-шарасы ретінде ақиық ақын М.Мақатаевтың «Жырым көп менің әлі жазылмаған…» атты әдеби-сазды кешіне ұласты. 
«Журналистика және қазақ тілі» кафедрасының меңгерушісі ф.ғ.к., доцент Л.К.Турабаева және «Басқару және бизнес» жоғары мектебінің Әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі декан орынбасары Н.Т.Калбаева іс-шараға қатысқан студенттерге «кітап жарқын болашаққа жетелейтін ғылым мен білімнің, мәдениеттің қайнар көзі» екендігін айта отырып жастарды кітап оқуға шақырды, коворкинг орталығының жұмысына сәттілік тіледі.
Ақпараттық білім беру орталығының директоры И.Саурбаева іс-шараға қатысқан қонақтарға алғыс білдірді және студенттерді марапаттады.

21-22 ақпанда Ақпараттық білім беру орталығының  бас оқу залында «Ақпараттық технологиялар және энергетика "жоғары мектебі," Басқару және бизнес» жоғары мектебі мен "Заң "факультеттері үшін "Ашық есік күні" өтті.Ақпараттық білім беру орталығының электронды ресурстарымен таныстырып,кітапхана қорына келіп түскен жаңа кітаптардың көрмесі ұсынылды.

Оқытушылар, жоғары мектеп  студенттері, әсіресе "Басқару және бизнес" жоғары мектебінің оқытушылары мен деканы белсенді қатысты, олар өз кезегінде кітапхана қызметкерлеріне осы іс-шараны өткізгені үшін үлкен алғыстарын білдірді.

 

 

 

Мұхтар Әуезов

Есепшілер

Яндекс.Метрика