Кітапханашы

Пәндік кітапханашы

Пәндік кітапханашы (Subject Librarian) — қызметі университет қауымдастығының белгілі бір тақырыптық немесе құрылымдық тобының ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған кітапхана маманы.

Пәндік кітапханашы кітапхана қорын сақтау мен дамытуды, сондай-ақ университет кафедралары мен факультеттерімен тығыз байланыс орнатуды қамтамасыз етеді.

Қызметінің мақсаты: Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің профессор-оқытушылар құрамының оқу және ғылыми-зерттеу қызметін ақпараттық қолдау, оқытушылар мен зерттеушілердің жарияланымдық белсенділігін арттыруға ықпал ету, сондай-ақ кітапхана ресурстары мен қызметтерін ілгерілету.

Пәндік кітапханашылардың функционалдық міндеттері:

  • Кафедра отырыстарына қатысу және кітапхана мен факультеттер арасында кітапханалық-ақпараттық қызметтер көрсету мәселелері бойынша тікелей әрі тиімді өзара байланысты қамтамасыз ету.
  • Өзінің жауапты пәндік бағыты бойынша өзекті ақпаратты талдау және ұсыну.
  • Сұраныс бойынша факультеттердің оқу-әдістемелік әдебиеттермен (ОӘӘ) қамтамасыз етілуі туралы ақпарат беру.
  • Факультет кафедраларын жаңа кітапханалық-ақпараттық қызметтермен және оқу-әдістемелік әдебиеттердің, соның ішінде оқулықтар мен мерзімді басылымдардың жаңа түсімдерімен таныстыру.
  • Құрылымдық бөлімшелердің жаңа оқу және ғылыми әдебиеттерді сатып алуға арналған өтінімдерін қалыптастыруға жәрдемдесу, сондай-ақ өтінімдерді кітапхананың негізгі қорындағы басылымдардың қолжетімділігімен тұрақты түрде салыстырып отыру.
  • Кітапхана каталогын, электрондық каталогты, кітапхананың өз күшімен әзірленген толықмәтінді дерекқорларды, жазылым бойынша қолжетімді дерекқорларды және кітапхана қорындағы басқа да электрондық ресурстарды пайдалану бойынша консультациялар, оқыту семинарлары мен вебинарлар өткізу.