Кітапхананы дамыту бөлімі

Утегулова Ляззат Жолдыбековна

Құрылымдық бөлімшенің мекенжайы: Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5, 217-кабинет (бас ғимарат).


Жұмыс телефоны: 8 (7252) 21-19-92

E-mail: utegulova75@bk.ru

Жұмыс уақыты: күн сайын 9:00-ден 18:00-ге дейін.

Демалыс күндері: сенбі, жексенбі.


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2000 жылғы 27 наурыздағы № 249 бұйрығына сәйкес М. Әуезов атындағы ОҚУ-дың Білім беру-ақпараттық орталығы (БАО) білім беру жүйесі кітапханаларының үйлестіруші ғылыми-әдістемелік және ақпараттық орталығы болып табылады және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жанындағы Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапхананың (РҒПК) жалпы әдістемелік нұсқауларын жүзеге асырады.


Бөлім жұмысының негізгі міндеттері:

  • Өңірдегі әріптестер мен жоғары оқу орындары кітапханаларына кітапханалық және ақпараттық-библиографиялық қызметті жетілдіру бойынша әдістемелік және консультациялық көмек көрсету.
  • Ағымдағы және перспективалық жоспарларды әзірлеу, сондай-ақ құрылымдық бөлімшелердің жоспарлық және есептік құжаттарын қарау және қабылдау.
  • Кітапхана қызметін реттейтін нормативтік және өзге де құжаттарды әзірлеуге қатысу.
  • Кітапхана ісіндегі озық тәжірибені анықтау, зерделеу, насихаттау және енгізу.
  • БАО мен жоғары оқу орындары кітапхана қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер және курстар ұйымдастыру.
  • БАО қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу, оның құрылымдық бөлімшелерінің жұмысына қатысу және олардың қызметін бақылау.
  • БАО-ның әдістемелік кеңесін ұйымдастыру және кеңес қабылдаған шешімдердің орындалуын бақылау.


Бөлімнің негізгі қызметтері:

  • Пайдаланушылардың ақпараттық қажеттіліктерін анықтау, зерделеу және талдау.
  • Кітапхана ісі саласындағы отандық және шетелдік тәжірибені жинақтау, зерделеу және талдау.
  • БАО қорындағы құжаттарды пайдалана отырып, мәдени мұраны танытуға бағытталған университеттің бұқаралық іс-шараларына қатысу және студенттердің білім деңгейі мен мәдениетін арттыруға ықпал ету.
  • «Кітапхана ісі» мамандығы бойынша студенттер мен аспиранттардың өндірістік практикасын БАО базасында ұйымдастыру.