Құжаттарды ғылыми өңдеу және жүйелеу бөлімі
Бөлім меңгерушісі: Сатканова Акмереке Батембаевна.
Құжаттарды ғылыми өңдеу және жүйелеу бөлімі Білім беру-ақпараттық орталығының (БАО) құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Бөлім кітапхана құжаттарын ғылыми-библиографиялық өңдеуді ұйымдастыруды, электрондық каталогты қалыптастыру мен дамытуды, сондай-ақ кітапхананың ақпараттық ресурстарын жүйелеуді қамтамасыз етеді.
Бөлімнің негізгі функциялары мен міндеттері:
- құжаттарды ғылыми өңдеу және жүйелеу;
- құжаттарды аналитикалық-синтетикалық өңдеу;
- БАО-ның анықтамалық-библиографиялық аппаратын қалыптастыру және жүргізу;
- алфавиттік-пәндік көрсеткішті құру және жүргізу;
- БАО электрондық каталогының деректер базасын қалыптастыру және дамыту;
- кітапхана құжаттарын техникалық өңдеу;
- кітапханаға жаңадан түскен басылымдарды каталогтау;
- дәстүрлі және электрондық каталогтарға ағымдағы және жоспарлы редакциялау жұмыстарын жүргізу;
- карточкалық каталогтарды электрондық форматқа көшіру (ретроконверсия).
Бөлімнің құрылымы:
- Ретроконверсия секторы.
Құжаттарды ғылыми өңдеу әдістері
Құжаттарды аналитикалық-синтетикалық өңдеу барысында, соның ішінде жүйелеу, пәндеу және индекстеу жұмыстарында төмендегі кітапханалық-библиографиялық жіктеу жүйелері қолданылады:
- Әмбебап ондық жіктеу (ӘОЖ);
- Кітапханалық-библиографиялық жіктеу (КБЖ);
- Ондық жіктеу (ОЖ).
БАО электрондық каталогының деректер базалары
БАО электрондық каталогы келесі деректер базаларын қамтиды:
- Оқулықтар;
- Оқулық;
- Ғылыми әдебиеттер;
- Шетел әдебиеттері;
- Электрондық қор;
- Мақалалар;
- Профессор-оқытушылар құрамының (ПОҚ) еңбектері;
- Авторефераттар мен диссертациялар.
Жұмыс уақыты
Дүйсенбі – жұма: 09:00–18:00.
Сенбі, жексенбі: демалыс күндері.