Техникалық мамандықтарға қызмет көрсету бөлімі
Техникалық мамандықтарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі
Кулданбаева Акбота Насыровна
Тел.: 21-19-92
E-mail: kulakbota@mail.ru
Техникалық мамандықтарға қызмет көрсету бөлімі (ТМҚКБ) Білім беру-ақпараттық орталығының негізгі құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Бөлім университеттің оқу-тәрбие үдерісі мен ғылыми-зерттеу қызметін кітапханалық және ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз етеді.
ТМҚКБ университет оқырмандарының барлық санаттарына олардың ақпараттық сұраныстарына және Білім беру-ақпараттық орталығын пайдалану ережелеріне сәйкес қызмет көрсетеді.
Бөлім құрамына 2 оқу абонементі, 13 оқу залы және көпшілік-тәрбие жұмысы секторы кіреді.
Бөлімнің негізгі міндеттері:
- пайдаланушылардың барлық санаттары үшін ақпараттық ресурстарға еркін қолжетімділікті қамтамасыз ету;
- кітапханалық қызмет көрсетудің сапасы мен деңгейін арттыру;
- қызмет көрсету үдерістерін автоматтандыру және компьютерлендіру;
- пайдаланушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру және арттыру.