Цифровая библиотека Aknurpress

Цифровая библиотека Aknurpress

Білім беру-ақпараттық орталығының (БАО) электрондық деректер базасы «Aknurpress» толық мәтінді деректер базасымен толықтырылғанын қуана хабарлаймыз.

«Aknurpress» цифрлық кітапханасы — отандық цифрлық оқулықтар мен оқу құралдарының базасына онлайн қол жеткізуге мүмкіндік беретін, техникалық қолдау және байланыс орталығы қызметтері ұсынылатын бағдарламалық өнім.

Кітапхана қорында әртүрлі пәндер бойынша шамамен 1 500 оқулық пен оқу құралы бар. Әдебиеттер қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қолжетімді. Кітапхана ай сайын жаңартылып, жаңа басылымдармен толықтырылып отырады. Сонымен қатар деректер базасында әртүрлі пәндер бойынша отандық ғылыми мақалалар да қамтылған.

Цифрлық кітапханаға қол жеткізу үшін https://aknurpress.kz/ сілтемесі бойынша өтіп, тіркеуден өтіңіз және FGW-24 промокодын енгізіңіз.