Тарихы

Тарихы

БІЛІМ БЕРУ-АҚПАРАТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ (КІТАПХАНА)

Білім беру-ақпараттық орталығының қалыптасуы мен дамуы университеттің тарихымен және даму кезеңдерімен тығыз байланысты. Өз қызметі жылдарында орталық Қазақстандағы жоғары оқу орындары кітапханаларының ішіндегі ірі кітапханалардың біріне айналды.

Бүгінде Білім беру-ақпараттық орталығы электрондық білім беру және ғылыми ресурстарға қол жеткізуге мүмкіндік беретін заманауи телекоммуникациялық және электрондық жабдықтармен қамтамасыз етілген. Орталықтың техникалық инфрақұрылымы оқу және ғылыми семинарларды, конференциялар мен басқа да іс-шараларды онлайн форматта өткізуге мүмкіндік береді.

Кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсету құрылымына 6 абонемент, 15 оқу залы және 2 электрондық ресурстар орталығы кіреді. Орталық құрамында техникалық, ғылыми, құқықтық және экономикалық әдебиеттерге, әлем тілдеріне, мерзімді басылымдарға арналған мамандандырылған залдар, сондай-ақ студенттер жатақханаларындағы оқу залдары бар. Қызмет көрсету оқырмандардың әртүрлі санаттарының білім алу және ғылыми қажеттіліктерін ескере отырып, салалық қағидат бойынша ұйымдастырылған. Мамандандырылған қорларда сирек басылымдар, диссертациялар, авторефераттар, монографиялар және өнер саласына қатысты әдебиеттер сақталған.

Кітапхананың жалпы қоры 2 миллионнан астам басылым данасын құрайды. Қорда оқу, ғылыми және мерзімді басылымдар, техникалық, жаратылыстану, әлеуметтік-экономикалық және тарихи ғылымдар бойынша электрондық басылымдар, сондай-ақ қазақ, орыс, ағылшын және басқа да тілдердегі отандық және шетелдік көркем әдебиеттің бай қоры жинақталған. Негізгі оқу қорымен қатар кітапханада анықтамалық-библиографиялық, ресми және нормативтік-құқықтық басылымдар қоры бар.

Кітапхана жыл сайын білімнің түрлі салаларын қамтитын мамандандырылған, ғылыми, ғылыми-көпшілік және әдеби-көркем мазмұндағы 500-ден астам журнал мен газет атауын жаздырып алады.

Кітапхана сайтында пайдаланушыларға Білім беру-ақпараттық орталығының электрондық кітапханасына, электрондық каталогына және қашықтан қолжетімді ақпараттық ресурстарға қол жеткізу мүмкіндігі ұсынылған.

Студенттердің зияткерлік, мәдени және рухани дамуына ерекше көңіл бөлінеді. Кітапханада кітап көрмелері, әдеби кештер, конференциялар, тақырыптық кездесулер, тұсаукесерлер және басқа да мәдени-ағартушылық іс-шаралар тұрақты түрде ұйымдастырылады.