Студентке арналған жадынама

Бірінші курс студентіне арналған жадынама


Умберто Эко — «Дипломдық жұмысты қалай жазуға болады»

Әлемге әйгілі жазушы, бірнеше университеттің профессоры Умберто Эко бұл кітабында өзінің сүйікті оқырмандары — оқытушылар мен студенттерге арнап ғылыми-зерттеу жұмысының қыр-сырын баяндайды.

Кітапта ғылыми қызметкер білуге тиіс маңызды мәліметтер, әсіресе дипломдық жұмыс, диссертация немесе алғашқы ғылыми мақалалардың бірін дайындау барысында қажет болатын кеңестер терең мазмұнмен, ұтымды баяндау мәнерімен және жоғары кәсіби деңгейде ұсынылған.

Бұл кітапты дипломдық жұмыс жазып жүрген студентке немесе магистрантқа ұсыну ғылыми жетекшінің жұмысын жеңілдетуге көмектеседі. Ал жас зерттеуші кітапты мұқият оқып, көптеген сұрақтарына жауап табады. Кітап кез келген білімді оқырманға интеллектуалдық ләззат сыйлайды.


Кузнецов И. Н. — «Студент энциклопедиясы»

Кітап оқу үдерісі мен ғылыми жұмысты оңтайландыру, сондай-ақ студенттердің зияткерлік еңбегін ұйымдастыру және оның тиімділігін арттыру мәселелеріне арналған.

Әртүрлі ақпарат көздерімен жұмыс істеу әдістемесіне, оқу және ғылыми-зерттеу жұмыстарында дербес компьютерді тиімді пайдалануға ерекше назар аударылады.

Кітапта жеке уақытты тиімді жоспарлау және үнемдеу, сабаққа дайындалу, ғылыми жұмыстарды дұрыс рәсімдеу бойынша практикалық ұсыныстар берілген.

Басылым жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған. Сонымен қатар колледждер мен техникалық оқу орындарының білім алушыларына, сондай-ақ зияткерлік еңбекті тиімді ұйымдастыру және оның нәтижелілігін арттыру мәселелеріне қызығушылық танытатын қалың оқырман қауымға ұсынылады.