Гуманитарлық мамандықтарға қызмет көрсету бөлімі
Бөлім меңгерушісі: Кауынбаева А. Ш.
Гуманитарлық мамандықтарға қызмет көрсету бөлімі пайдаланушыларға кітапханалық және ақпараттық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.
Бөлім қызметінің негізгі бағыттары:
- Оқу залдары мен абонементтерде оқырмандарға жеке және топтық қызмет көрсету әдістерін қолдана отырып, сараланған қызмет көрсетуді ұйымдастыру.
- Баспа басылымдары мен басқа да құжаттарды іздеу және таңдау бойынша консультациялық көмек көрсету.
- Библиографиялық анықтамалар беру, оқырмандарға каталогтар мен картотекаларды пайдалану бойынша кеңес беру.
- Қоғамдағы идеологиялық және саяси саналуандықты бейнелейтін әдебиеттерді, отандық және шетелдік классикалық әдебиеттің үздік туындыларын, сондай-ақ ноталық басылымдарды насихаттау арқылы тәрбие жұмысына қатысу.
- Тақырыптық көрмелер мен шолуларды, сондай-ақ жаңа кітаптардың көрмелерін ұйымдастыру.
- Кітапхана қорын толықтыруға қатысу, бөлімнің қосалқы қорларын қалыптастыру және олардың сақталуын қамтамасыз ету.