Қызметтер
ОИЦ негізгі және қосымша қызметтері
- Оқу залдарында кітапханалық қызмет көрсету.
- Абонемент арқылы кітаптарды үйге пайдалануға беру.
- Баспа басылымдарын сипаттау және ғылыми жұмыстарды библиографиялық рәсімдеу ережелері бойынша кеңес беру.
- Мақалалар мен диссертациялық жұмыстарды УДК, ББК және ГАСНТИ бойынша индекстеу.
- Библиографиялық анықтамалар дайындау.
- Курстық, дипломдық және ғылыми жұмыстарға арналған әдебиеттердің библиографиялық тізімдерін редакциялау.
- Оқырмандардың сұраныстары бойынша әдебиеттердің библиографиялық тізімдерін құрастыру.
- Кітапхана қорына жаңа әдебиеттердің келіп түсуі туралы ақпарат беру.
- Университет басшылығына ИРИ және ДОР режимдерінде ақпараттық қызмет көрсету.
- Интернет желісіне және құжаттарды электрондық жеткізу (ЭДД) қызметіне қол жеткізу.
- Электрондық пошта қызметтерін ұсыну.
- Дерекқорлар мен іздеу жүйелері арқылы ақпараттық іздеу жүргізу.
- ОИЦ қорындағы электрондық құжаттарға, аудиоматериалдарға және білім беру мақсатындағы бейнематериалдарға қол жеткізуді қамтамасыз ету.
- Университеттің корпоративтік желісі арқылы ақпараттық ресурстарға қол жеткізу.
- Мәдени-ағартушылық және бос уақытты ұйымдастыру іс-шараларын өткізу.
- Кітапхана ісі және библиография мәселелері бойынша кеңес беру.
- Құжаттарды сканерлеу.