Ғылыми-библиографиялық бөлім

Бөлім меңгерушісі: Куралбаева А. С.

Бас библиограф: Утегенова А. Т.


Ғылыми-библиографиялық бөлімнің негізгі функциялары

  • Заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, пайдаланушыларға анықтамалық-библиографиялық және ақпараттық қызмет көрсету.
  • Электрондық каталогтың мақалалар деректер базасын жүйелі түрде толықтыру.
  • «Сұраныс – жауап» режимінде библиографиялық анықтамалар дайындау.
  • Оқырмандарға кітапхананың анықтамалық-іздестіру аппаратын пайдалану бойынша кеңес беру.
  • Ғылыми-библиографиялық жұмыстарды жүргізу.
  • Библиографиялық көрсеткіштер мен әдебиеттер тізімдерін құрастыру.
  • Ғылыми мақалаларды Әмбебап ондық жіктеу (ӘОЖ) және Кітапханалық-библиографиялық жіктеу (КБЖ) жүйелері бойынша жүйелеу.
  • «Жаңа түскен басылымдар бюллетенін» дайындау және шығару.
  • «Ақпарат күндері», «Кафедрадағы кітапхана күндері» және «Ғылым күндері» іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу.
  • Кафедралардың референт-ақпараттандырушыларымен өзара жұмысты ұйымдастыру.
  • Тақырыптық кітап көрмелерін, әдебиеттердің ашық көрсетілімдерін және библиографиялық шолуларды ұйымдастыру.
  • Ақпаратты іріктеп тарату (ИРИ) жұмыстарын жүргізу және университет басшыларына сараланған ақпараттық қызмет көрсетуді (ДОР) қамтамасыз ету.
  • Кітапхана пайдаланушыларының ақпараттық мәдениетін қалыптастыру.


Электрондық каталог

Ақпаратты жекелеген іздеу элементтері, олардың үйлесімдері және күрделі іздеу сұраныстары бойынша жылдам әрі ыңғайлы іздеуді қамтамасыз ету мақсатында кітапханада «ИРБИС-64» автоматтандырылған кітапханалық-ақпараттық жүйесі енгізілген. Осы жүйе негізінде электрондық каталог қалыптастырылған.


Біздің мекенжайымыз

Мекенжайы: Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5.

Орналасқан жері: Білім беру-ақпараттық орталығы, Ғылыми-библиографиялық бөлім, бас ғимарат, 221-кабинет.


Жұмыс уақыты

Күн сайын: 09:00–18:00.

Демалыс күндері: сенбі, жексенбі.