Кітап сақтау бөлімі
Бөлім меңгерушісі: Ерденова У. К.
Электрондық пошта: urayla.erdenova@mail.ru
Сектор меңгерушісі: Саткинбекова С. А.
Бөлімнің негізгі функциялары
- Кітапхана қорын сақтау тәртібінің сақталуын, құжаттардың дұрыс орналастырылуын және физикалық жай-күйін, сондай-ақ сирек және құнды басылымдарды сақтау талаптарының орындалуын бақылау.
- Жаңадан келіп түскен әдебиеттерді қабылдау және құжаттарды БАО бөлімшелері арасында бөлу.
- БАО бөлімшелерінің қосалқы қорларын жүйелі түрде тексеру.
- Ескірген және сирек пайдаланылатын басылымдарды анықтап, оларды кітап сақтау бөлімінің депозитарлық қорына өткізу.
- Кітапхана қорынан бейінді емес, тозған, ескірген, қайталанатын және сирек пайдаланылатын құжаттарды шығару жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу.
- Анықтамалық аппаратты, оның ішінде топографиялық каталогты ұйымдастыру және жүргізу.
- «Сирек кітаптар» электрондық каталогын жүргізу.
- «Ақпарат күндерін» өткізу үшін жаңа келіп түскен әдебиеттерді ай сайын іріктеу.
- Сирек кітаптардың сақталуын қамтамасыз ету және пайдаланушыларға қызмет көрсету жұмыстарын ұйымдастыру.
- Сектор қорын насихаттау, экспозициялар мен көрмелер ұйымдастыру, библиографиялық көрсеткіштер құрастыру.
- Сирек кітаптарды түптеуге және қалпына келтіруге дайындау.
Бөлімнің құрылымы
Сирек кітаптар секторы 2002 жылы құрылған. Сектор қорында 850–1940 жылдар аралығына жататын көне қолжазбалар мен құнды басылымдар сақталған.
Жұмыс уақыты
Күн сайын: 09:00–18:00.
Демалыс күндері: сенбі, жексенбі.